Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰРЫЛЫС ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРУДЕ

    «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында облыс бойынша 276 инфрақұрылымдық жобаны іске асыруға 37 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бағдарлама аясында 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылуда. Бұл туралы облыс әкімі Г.Әбдіқалықова өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен бейресми кездесуінде атап өтті.
    Биылғы жылы:

    • әлеуметтік-мәдени нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 12,3 млрд. теңгеге 125 жоба іске асырылуда.
    • тұрғын үй-коммуналдық нысандардың күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту, құрылысына 7,5 млрд. теңгеге 42 жоба іске асырылуда.
    • инженерлік-көліктік инфрақұрылым нысандарының күрделі және ағымдағы жөндеу, қайта жаңғырту құрылысына 14,5 млрд. теңгеге 62 жоба іске асырылуда.
    • елді мекендері аббаттандыру 2,7 млрд. теңгеге 47 жоба іске асырылуда.
      Жұмыспен қамтудың жол картасы аяқталғаннан кейін, жаңа нысандардың құрылысы арқылы 452 тұрақты жұмыс орындары ашылады.
      Облыста құрылыс қарқыны да бәсеңдеген жоқ.
      Жоспарлы 30 әлеуметтік нысанның 22-сі жыл аяғына дейін салынып болады.
      Бүгінде 1406 пәтерлі 87 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Жыл соңында соның 74-і пайдалануға беріліп, 1000-ға жуық жерлестеріміз жаңа қонысқа көшеді.

    қатысты посттар

    3 тамыздан бастап салондар, шаштараздар, ойын-сауық орталықтары жұмысын бастайды

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова сауда дүкендеріндегі азық-түлік бағалары мен санитарлық нормалардың сақталуын тексерді

    Фариза

    Алматыда тәртіпсіздіктер кезінде қамауға алынғандарды іздеуге арналған телефон нөмірі жарияланды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.