-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында Конституцияның 25 жылдық мерекесі ерекше форматта тойланады

    Қызылорда облысында Ата заңның 25 жылдық мерекесі ерекше форматта тойланады. Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған мерекелік шараларды өткізу бағытында БАҚ өкілдеріне өткізген брифингте мәлімдеді.

    Брифингте облыс әкімінің орынбасары 25 жыл ішінде Сыр елінің қол жеткізген экономикалық-әлеуметтік, қоғамдық бағыттағы даму қарқынын атап өтті.
    Айшықты жылдар ішінде экономика, ауыл шаруашылығы бағыттарында мемлекеттік бағдарламалар орындалып, нәтижелі істер іске асты. Осы жылы өнеркәсіп өнімін өндірудің көлемі 381,3 млрд.теңгені, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 33 млрд.теңгені, негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 127,3 млрд. теңгені құрады.

    «Біздің өңірімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халық саны 592 мың адамды құраса, қазіргі таңда 809,3 мыңнан асты. Әлеуметтік салада да оң өзгерістер бар. Денсаулық сақтау бағытында материалдық-техникалық базасын күшейтуге, науқастарды диагностикалау мен емдеуге қаржыландыру көлемі соңғы 3 жылда21 пайызға артты. Ал, білім саласында биылғы жылдың өзінде 7 млрд. теңге қаржы бөлініп, 55 білім беру нысанына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы үш жылда 8 мәдениет нысаны бой көтерді», – деді Серік Ахмет.

    Айта кету керек, аймақта Конституцияның 25 жылдық мерейлі мерекесін атап өту жөніндегі облыстық іс-шаралар жоспары бекітілген. Атаулы күнде «Айбары асқақ Ата Заң» атты мерекелік онлайн концерт, «Syr Shańyraǵy», «Syr Sporty», «Syr Qoǵamy», «Syr Bolashaǵy», «Syr Birligi»youtube арналарында онлайн шаралар мен құттықтаулар, студент жастардың, волонтерлардың онлайн акциясы ұйымдастырылады. Сонымен бірге Жалағаш ауданында 140 орындық мектеп ашылады.

    қатысты посттар

    Қашықтан оқыту: Қызылорда облысында жергілікті және республикалық бюджет қаражатынан компьютерлік техникалар алынуда

    Фариза

    «Жас кәсіпкер»: Қызылорда облысында өз кәсібін ашқан жастардың қатары артуда

    Фариза

    Павлодар облысында мемлекеттің қыруар ақшасына жөнделген мектеп ашылмай жатып қайта жабылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.