6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: «Еңбек» бағдарламасымен 600-ге жуық мүмкіндігі шектеулі азамат жұмысқа орналасқан

    Шымкент қаласында жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасы аясында 600-ге жуық мүмкіндігі шектеуліазамат жұмысқа орналастырылды. Оның  279-ы тұрақты жұмысқа орналасқан болса, 12-і әлеуметтік жұмысқа, 190 азамат қоғамдық жұмыстарға,  80 азамат инфрақұрылымдық жұмысқа жіберілген. Ал 29-ы жастар практикасы жобасыкөмегімен алғашқы тәжірибе жинақтады. Бұл туралы қала әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы мәлімдеді.

    Халықты жұмыспен қамту орталығы еңбекке қабілеті бар барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жұмыспен қамту саласында мемлекеттік қызметтер түрін ұсынады.  Атапайтқанда жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіби даярлау, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуға, жаңа бизнес-жоспарын дамытып грант алуға, арнайы жұмыс орындарын құру сынды қызметтер көрсетеді.  

    Жалпы І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер жұмысқа жарамдыанықтамалары арқылы жұмысқа орналаса алады. Оның І, ІІ топтағыларының толық емес жұмыс уақыты белгіленген, яғни 8 сағат емес 6-сағат  жұмыс жасайды.

    Қазіргі таңда Шымкент қаласында 38 124 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 3 681-і біріншітоптағы мүгедектер болса,  16 мыңнан астамы екіншітоптағы мүгедектер,  ал 12283-і үшінші топтағы мүгедектер.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкентте «HR-PROCESS» – педагог кадрларды іріктеудің жаңа жүйесі ендірілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТ ӘКІМІ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

    Фариза

    «Таразға тарту» жобасы аясында бірден бірнеше нысан пайдалануға берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.