6 C
Алматы
Воскресенье, 8 сентября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда: Сырдария ауданында соңғы 2 науқас емделіп шықты

    Сырдария аудандық аурухананың провизорлық стационар бөлімшесіндегі соңғы 2 науқас емделіп шықты.

    Тереңөзек кенті және ауданға қарасты Ақжарма ауылының тұрғыны сырқатынан толық айығып, отбасымен қауышты.

    Ауданда жұқпалы індет тараған кезеңде инфекциялық стационарда 30, провизорлық стационарда 50 төсек орны жасақталды. Эпидемиологиялық ахуал күрделеніп, қажет болған жағдайда Шаған ауылдық ауруханасынан резервтік 30 провизорлық төсек орнын ашуға облыстық денсаулық сақтау басқармасына тиісті ұсыныс берілді. Қазіргі таңда барлық науқас емделіп шыққан соң провизорлық стационардың 30 төсек орны қысқартылып, резервте 20 төсек орны бар.

    Сондай-ақ инфекциялық стационардағы 30 төсек орны сақталған. Індетпен күресте инфекциялық және провизорлық стационарға 63 медицина қызметкері тартылды. Олардың ішінде 10 дәрігер, 27 орта және 26 кіші буын қызметкерлері тынымсыз еңбек етіп, кеселмен күрес жүргізді. Осы уақытқа дейін стационарларда «COVID-19» инфекциясымен және пневмония сырқатымен 399 адам емделген.

    «Індет жұқтырғандар көбейгенде провизорлық стационарға медицина қызметкерлері жұмылдырылды. Күндіз-түні науқастардың ем-домы үшін еңбек еттік. Нәтижесінде соңғы екі науқас емделіп шықты. Қазіргі таңда провизорлық стационарға толық дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді», – дейді провизор дәрігері Гүлзат Қапбарқызы.

    Провизорлық стационарда ем алып шыққан тұрғындар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге өз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.

    Қазіргі таңда ауданда эпидемиологиялық ахуал тұрақтанып, сала мамандарының қажырлы еңбегінің нәтижесінде індеттің қаупі сейілді. Десе де, бұл індет жойылды деген сөз емес. Сондықтан тұрғындар сақтық шараларына мән беріп, ортақ тәртіпке бағынғаны жөн.

    қатысты посттар

    Карантин: Қызылордада 3500-ден астам кәсіп иесіне ескерту жасалды

    Фариза

    Qnet қаржы пирамидасының жетекшілеріне қарсы тергеу бастады

    Фариза

    Қазақстанда қандай инфекцияға қарсы тегін екпе салынады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.