-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық департаменті қызметі туралы қысқаша сұхбат

    Сәлеметсізбе Бекжан Мухидинулы! Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы боласыз. Департамент жұмысы туралы айтып кетсеңіз. 

    Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің аумақтық органы және электр энергетикасы саласындағы бақылау және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік мекеме болып табылады. Департамент, егер осыған уәкілеттік берілген болса, өзінің атынан және Комитеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.

    Департаменттің негізгі міндеті мен функцияларын айтып кетсеңіз.

    Электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды және электр станциялары, электр желілері энергетикалық жабдығының, тұтынушылардың электр қондырғыларының пайдаланылуын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады. Электр энергиясын өндіру, беру, жабдықтау және тұтыну сенімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады. 

    Департамент жалпы энергетикалық ұйымдардың дұрыс жұмыс істеуін қадағалайды. Бірақ сол энергетикалық ұйымдардың қызметкерлеріне деген өкілеттіліктеріңіз қандай?

    Электр энергетикасы саласындағы техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуге тексеруден өтпеген персоналды электр қондырғыларына жібермеуді немесе олармен жұмыс істеуден шеттетуді бақылауды жүзге асырамыз. Және энергетикалық ұйым басшысы және техникалық қадағалаушы маманын біліктілік тексеруден өтеді. Өте алмаған жағдайда жұмысынан шеттетілун қадағалаймыз.

    Энергетикалық ұйымдармен ғана емес халықпенде тікелей жұмыс жасайсыздар. Тұрғындардың электр тоғына қатысты немесе шағымдар бойынша не айта аласыз?

    Мемлекеттік орган болған соң халықтың жазбаша өтінішіне немесе шағымына заңда белгіленген уақытқа дейін жауап беруге тырысамыз. Апта сайын сейсенбі және бейсенбі күндері менімен ашық кездесу белгіленген.  Сол кезде келіп,барлық сұрақтарға жауап алуға болады. Тұрғындардың мәселесін сол кезде шеше алмасақ, тұрғыннан жазбаша өтініш алып, сол өтініш негізінде жоспардан тыс тексеріс ашып, айтылған мәселесін міндетті түрде шешеміз.

    Департаментке келіп түскен арыздар туралы айтып кетсеңіз. 

    Департаментке жыл басынан бері 21 өтініш келіп түсті. Оның 19 жеке тұлға, ал 2 заңды тұлға. Келіп түскен арыздардың көпшілігі электр энергиясының сапасы туралы. Жәнеде электр желілерін тексеріп беріңіз деген өтініштерде келеді. Біз келіп түскен өтініш негізінде заңға сай шешімдер қабылдап, жауап береміз.

    Уақыт бөліп, сұхбаттасқаныңызға рахмет Бекжан Мухидинулы!

    қатысты посттар

    «Ол – миллиардер»: Арыстанбек Мұхамедиұлы өзі туралы тараған видеороликке жауап берді

    Фариза

    Әлеуметтік сауалнама: респонденттердің 54,4%-ы сыбайлас жемқорлық саны азайды деп есептейді

    Қызылорда облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.