26 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: 30 медицина қызметкеріне өтемеақы берілді

    Шымкент қаласында қызмет бабында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 30 дәрігерге екі миллион теңгеден өтемеақы берілді.

    Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлім етті. 

    «Жалпы қала бойынша 185 медицина қызметкері короновирус инфекциясын жұқтырған. Олардың қатарында жедел жәрдем медициналық көмек көрсету қызметінің, провизорлық орталықтардың және емханадағы фильтр кабинетінің қызметкерлері бар. Қазіргі таңда 30 қызметкерге МӘМС арқылы 2 миллион теңгеден өтемеақы берілді. Қалған мамандардың құжатын арнайы комиссия тексеру үстінде», — деді Т. Варзилов. 

    Айта кетейік, медицина қызметкері коронавирус инфекциясын жұқтырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге көлемінде бір реттік әлеуметтік төлем беріледі. Ал маман коронавирустан көз жұмса, 10 миллион теңге бөлінеді.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда: Арал ауданында 13300 гектар жерге сексеуіл егілді

    Фариза

    Жамбылда дарынды жастар марапатталды

    ШЫМКЕНТ: ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫН КӨТЕРГЕНДЕРГЕ 100 АЕК МӨЛШЕРІНДЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНАДЫ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 + one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.