Воскресенье, 14 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: covid-19 шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шықты

    Шымкентте коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастардың 85 пайызы емделіп шыққан. Бұл жөнінде бүгін қалалық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте мәлімдеді.

    «Бүгінге дейін инфекция жұқтырған  4379 науқас дертінен айықты. Олардың  басым бөлігі егде жастағы азаматтар. Қазіргі таңда коронавирус инфекциясына шалдыққан  732 науқас ем алуда. Оның ішінде 18 науқас стационарда емін жалғастыруда» — дейді Т.Варзилов. 

    24 тамыздағы жағдай бойынша қалада коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5165, оның ішінде 2635 — симптомды, 2530 — симптомсыз.     

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Түрік инвесторлары жамбылдықтармен жеміс-жидек дақылдарын өсіру тәжірибесімен бөлісуге ниетті

    Фариза

    Байзақтағы 24 үй жаңғыртылып, пайдалануға берілді

    Фариза

    Сарысуда азық-түлік қоры жеткілікті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    seven − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.