-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Дәрігерлер Алматыда арықтан табылған сәбидің жағдайына қатысты мәлімет жариялады

    Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы түнде арықтан табылған шақалақтың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі  zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Тастанды баланың салмағы — 3 келі, бойының ұзындығы — 52 см, ол Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскенде баланың халі ауыр болды, гипотермияға байланысты, яғни қатты тонып қалған (дене температурасы — 34,5). Қазір оның жағдайы орташа, дене қызуы қалыпқа келді. Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ. Енді баланы біз екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындалып жатырмыз, сол жерден қосымша тексеруден өткен соң сәби балалар үйіне жіберіледі, делінген хабарламада.

    Бұған дейін Алматы полициясы бүгін түн ортасында арықтан жаңа туған сәби табылғанын хабарлаған. Қазір құқық қорғау органдары тастанды сәбидің анасын іздеуде.

    Полиция баланың биологиялық анасы туралы білетін кез-келген ақпаратты ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұрайды.

    қатысты посттар

    Қызылордада сәуір айынан бері қызылша ауруының дерегі тіркелмеген

    Фариза

    Конфликт с начальником довел жителя Тараза до попытки суицида

    Фариза

    Қызылордадағы ірі сауда орталықтарына әлеуметтік сөрелер орналастырылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.