4.8 C
Алматы
Воскресенье, 8 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    ЖЫЛ АЯҒЫНА ДЕЙІН АЙМАҚТА 3 ӨНДІРІС ОРНЫ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

    Сыр елінде жыл аяғына дейін тағы 3 өндіріс орны ашылып, 370-ке жуық маман жұмыс орнын табады. Индустрияландыру жобасы аясында іске асатын өндіріс ошақтарының 2-уі ауданда, 1-і Қызылорда қаласында жұмысын бастайтын болады.

    Жылдың аяғында қуаттылығы жылына 4 мың тонна балық өндейтін жаңа цех іске қосылады. Арал ауданында орналасатын өндіріс орны «Балықты тереңінен қайта өңдеу зауыты мен мен пластикалық қайық жасау цехі» деп аталады. Жобаның жалпы құны 160 млн.теңгені құрайды. Цех толыққанды іске қосылса, 100-ге жуық маман тартылып, балық өндеу ісіне қан жүгіреді.

    Тағы бір жоба – Қармақшы ауданында қосылатын құс фабрикасы. Жылына 1500 тонна құс етін өндіретін фабриканың жоба құны 1,9 млрд.теңге деп белгіленген. Ет өнімінің үлесін көбейту ісімен 50-ге жуық маман айналыспақ.

    Енді жаңа 2021 жылдан бастап қызылордалықтар табақша шыны шығаратын зауыт жұмысымен таныса алады. Жылына 197,1 мың тонна табақша шыны өндіретін зауытта 200-ден астам маман тұрақты жұмыс көзін табады.

    Өңірде мұнай өндіру көлемінің төмендеуімен байланысты өнеркәсіп өндіру көлемі төмендегенімен, тамақ өнімдерін өндіру 29,8%-ға, өзге металл емес минералдық өнімдер өндірісі 13,3 пайызға, машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату ісі 10,7%-ға артқан.

    қатысты посттар

    Оралда экскаватор жүргізушісі әріптесін тірідей жерге көміп кеткен

    «Жау ұшақтарын талқандаған батыр 22 жаста болды» Талғат Бигелдиновтың көз жұмғанына бес жыл

    Қызылорда: Апатты жағдайда тұрған Жиделі су қоймасына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    eight − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.