Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Роза Рымбаева мен Төреғалидың отбасында болған тойға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр

    Қазақстанның халық әртісі, әнші Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқаповтың үйлену тойы, сондай-ақ жақында тұрмысқа шыққан танымал әнші Төреғали Төрәлінің қарындасы Фариза Төрәліге қатысты карантин кезінде жасалған той Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың назарына ілікті. Бұл туралы бүгін министрліктің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy.kz порталына сілтеме жасап.

    Онлайн брифинг кезінде журналистер әлеуметтік желіде танымал тұлғалардың отбасында болған тойдан фото, видео тарағанын айтып, олар санитарлық нормаларды бұзғаны үшін жазалана ма деген сұрақ қойды. Қожахметов хабарлағандай, қазір аталмыш екі факт де тексеріліп жатыр.

    «Бұл мәселе Денсаулық сақтау министрінің жеке бақылауында. Таңертең ғана осы тақырыпта сөз қозғадық. Менің көзімше министр Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшинге телефон соғып, тапсырма берді», — деді Қожахметов.

    Қазір Алматы қаласының Полиция департаменті осы фактілерге қатысты тексеру бастаған. Полиция тойлар дәл қай күні өткенін, оған неше адам қатысқанын, қандай санитарлық талаптардың бұзылғанын анықтауы тиіс. Егер олар Әкімшілік кодекс талаптары мен Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды бұзса, айыппұл төлейді.

    Айта кетейік, Әли Оқапов танымал әнші Ақерке Бүркітбайға үйленсе, Фариза Төрәлі спортшы Дархан Нортаевқа тұрмысқа шыққан.

    қатысты посттар

    Орал мектебінде сабақ кезінде он баланың көзі күйіп қалған

    Фариза

    Қызылорда облысында орман қоры 6,5 млн гектарды құрайды

    Фариза

    Биыл құрбан айт қалай ұйымдастырылмақ?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.