18 C
Алматы
Сенбі, 18 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында құрылыс нысандарының сапасына бақылау күшейді

    Қызылорда облысында жыл басынан бері құрылыс сапасына қатысты 23 әкімшілік іс қозғалып, кемшіліктер қалпына келтірілген. Бұл туралы облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Марат Мырзабеков мәлімдеді.

    «Өңірдегі құрылыс жұмыстарының сапасына бақылау күшейтіліп, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жалпы 34 жоспардан тыс тексеру ұйымдастырылды, анықталған ақаулар мен кемшіліктерді жою жөнінде 10 нұсқама берілді. Бұған қоса, профилактикалық сипатта тексерілетін барлығы 64 кәсіпкерлік субъектісі жоспарға енгізілді. Оның 37-і тексеріліп, анықталған бұзушылықтар бойынша 31 нұсқама берілді. Сондай-ақ, басқарма тарапынан көрсетілетін 5 түрлі мемлекеттік қызмет «Е-лицензиялау» электронды порталына көшіріліп, тұрғындарға 502 қызмет көрсетілуде. Оның 237-і сарапшылық қызметке аттестаттауға, 265-і лицензиялауға қатысты», – деді Марат Салқадинұлы.

    қатысты посттар

    Қазақ қызының жалаңаш суретін желіге жүктеген түрік азаматы халықтан кешірім сұрады (видео)

    Оқ-дәрілерді жару басталды – Қорғаныс министрлігі

    Фариза

    Кезектен сызамыз деді. Ақсуда көпбалалы аналарды жаман үйге мәжбүрлеп кіргізген

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.