Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда жаңа тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

    Қазалыда аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен Әйтеке би кентінің 5 квартал аумағынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 тұрғын үйдің іргетасын қалау рәсімі өтті.

    Жоба бойынша бір үйде 4 пәтер қаралған. Әрбір үйде 2 бөлмелі 2 пәтер, 3 бөлмелі 2 пәтерден бар. Тұрғын үй газ, ауыз сумен, электрмен қамтылады. Әр пәтер дербес жылу және ыстық сумен біріктірілген, газ отынды қазандығымен жабдықталады. Жаңа баспанаға «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кезекте тұрған салымшылар қол жеткізе алады.

    Жаңа тұрғын үйлердің құрылысын бас мердігер «Мұнай құрылыс» көп салалы құрылыс фирмасы» ЖШС жүргізіп жатыр.

    Құрылыс жұмыстарына аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 20-ға жуық аудан тұрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Құрылыс жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.

    қатысты посттар

    Гүлшара Әбдіқалықова Қызылордада 600 орындық жаңа мектептің кірпішін қалады

    Фариза

    Қаңтар оқиғасына қатысқандарға бір реттік рақымшылық жарияланады

    Президент Арыстағы жарылысқа байланысты жауаптыларға сөгіс жариялады

    Пікір қалдыру

    eighteen + ten =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.