-9.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында шалғайдағы елді мекендерге автобус қатынасы жолға қойылды

    Қызылорда облысында жолаушылар және жүк тасымалдау парктері жаңа техникалармен толығып, сервистік қызмет көрсету деңгейі де едәуір артқан.

    Бүгінде облыс аумағында 212 елді мекенге автобус қатынасы бар. Атап айтқанда, 204 автобус бағдары бойынша тұрғындар тасымалданады. Оның 71-і ауданаралық, 101-і кент ішілік болса, 32-і қалаішілік және қала маңына жүреді.

    «Қазір облыстың көлік саласында көптеген өзгеріс пайда болды. Халыққа қызмет көрсету сапасы жақсарды. Жолаушылар және жүк тасымалдау парктері жаңа техникалармен толығып келеді. Айта кетерлігі, сервистік қызмет көрсету деңгейі де едәуір артты. Олардың көпшілігі мемлекеттің қолдауы арқасында жүзеге асып жатыр», – деді Қызылорда облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тілеумбетов.

    Оның айтуынша, жолаушылар тасымалдау мақсатында «Қызылорда-Ташкент» бағытында халықаралық бір автобус жұмыс істеп келеді. Ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Жезқазған, Түркістан, Сарыағаш, Ақтөбе тәрізді қалаларға облысаралық 13 автобус ұйымдастырылған. Оған қоса облыс және аудан орталықтарынан шалғай орналасқан, жолаушылар ағымы аз және жол сапасы төмен елді мекендерге әлеуметтік мәні бар маршруттар ұйымдастырылды. Оларға облыстық бюджет есебінен субсидия қаралған. Жолақысы да халыққа қолайлы.

    Тағы бір айта кетерлігі, Қызылорда қаласындағы қоғамдық көліктерге қыркүйек айынан бастап электрондық билет жүйесі енгізіледі. Яғни 89 автобусқа электронды билет жүйесінің терминалы мен валидаторы орнатылады.

    қатысты посттар

    Павлодарда атыс болды, жараланғандар бар

    Қызылорда: 11 салық төлеушіден бюджетке 10,3 млн теңге өндірілді

    Фариза

    Арал ауданы Жақсықылыш кенті табиғи газға қосылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.