Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда кәсіпкерлік субъектілерінің саны артты

    Қазалы ауданында кәсіпкерлік субъектілерінің саны артқан. Бұл туралы аудан әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.

    «Әрбір саланың тынымды тірлігінің арқасында аудан экономикасы тұрақты дамып келеді. Нақты дәлел, 2020 жылға нақтыланған бюджет көлемі 24 млрд. 64,8 млн. теңгені құрап отыр. Оның ішінде өз кірістеріміз 1,4 млрд. теңгеге жетті. Ал, 6 айда өнеркәсіп кәсіпорындарында 7 млрд. 378 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны да артып, өткен жылмен салыстырғанда 112,8 пайызды құрады. Кәсіпкерлікті қолдау шаралары да біздің назарымыздан тыс қалған емес. Осының нәтижесінде жыл басынан бері аудан кәсіпкерлерінің 231 жобасы бойынша 973,0 млн. теңге несие, грант қаражатын алды», – дейді Мұрат Нәлхожаұлы.

    Сондай-ақ, ауданда «Жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары арқылы атқарылып жатқан жұмыстар да қарқынды жүріп жатыр.

    қатысты посттар

    Бір айда 14 мың Ресей азаматы Қазақстаннан ЖСН алды

    Фариза

    ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНДА 243 МЕКТЕП ҚАШЫҚТАН ОҚЫТЫЛАДЫ

    Фариза

    Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.