Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ КӨШЕЛЕРІНЕ LED ЖАРЫҚШАМДАРЫ ОРНАТЫЛАДЫ

    Шымкентте 50 мыңға жуық түнгі жарықтандыру шамдары бар. Оларға тозуының алдын алу мақсатында үнемі күтім жасалынып тұрады.

    Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында қаланың сыртқы жарықтандыру жүйелерін  қайта құру және күтіп ұстау жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобада жарықшамдарды энергия үнемдейтін LED шамдарына ауыстыру, сыртқы жарықтандыру желілерінің тозуын төмендету қарастырылған. Қазіргі таңда бұған қатысты конкурс өткізу жұмыстары қолға алынған. 

    Одан бөлек, қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасына сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 39 көшеге жарық жүйесін орнату және 4 көшедегі жарық жүйелерін қайта құру жұмыстары, Ленгір бағытындағы тас жолдың ескі шамдарын диодты шамдарға ауыстыру және қосымша жарық жүйесін орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

    Г. Қапал

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: «КАТКО» КОМПАНИЯСЫ ЖАСАНДЫ ТЫНЫС АЛУ АППАРАТЫН СЫЙЛАДЫ

    Фариза

    Бұқтырмада қысқартуға ұшыраған бірде –бір адам жұмыссыз қалмайды 

    Қызылорда: «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 106 жоба қаржыландырылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.