-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова карантин шектеулерінің жеңілдетілуіне байланысты түрлі азаматтық қоғам өкілдерімен кездесті. Кездесуде азаматтар өңір басшысына толғандырып жүрген мәселелерін жеткізді.

    Атап айтсақ, Шиелі ауданының тұрғыны, 1 топ мүгедегі Тамара Ақмағамбетова мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселелерін көтеріп, оның ішінде аудандағы инватаксидің талапқа сай еместігі туралы шағымын білдірді. Аймақ басшысы Т.Ақмағамбетованың шағымын назарға алып, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Т.Дүйсебаевқа тиісті тапсырмалар берді және орындалу барысын баяндауды тапсырды.

    Сондай-ақ, Жаңақорған ауданының тұрғыны, көп балалы ана, «Ақжүніс» аналар қоғамының Қызылорда облысы бойынша өкілі Сандуғаш Тұрлыбекова аудандағы көпбалалы және жалғызбасты аналардың жағдайын қозғап, әлеуметтік көмектер көрсетуге байланысты өтінішін жеткізді. Аймақ басшысы Жаңақорған ауданының әкімдігіне көтерілген мәселелерді зерделеп, шешу жолдарын қарастыру бойынша бірқатар тапсырма берді.

    Кездесуде Жалағаш ауданының тұрғыны, көп балалы ана Эльмира Жанзақова денсаулық сақтау саласындағы мәселелерді айтты. Оның ішінде ауруханаларға жатып, жоспарлы ем алуда қиындықтар бар екеніне шағымын білдірді. Осыған орай, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Пазиловке тұрғындардың ем алуында кедергілер болмауын және жақсы жағдай жасалу керек екенін ескертті.

    Өз кезегінде «Ұмай» мектеп жасына дейінгі балаларға арналған сауықтыру және тәрбиелеу қайырымдылық үйі» мекемесінің директоры, «Ұмай» балалар үйінің құрылтайшысы Анар Ізден «Қызылорда облысының Азаматтық Альянсы» Қауымдастығына қатысты ұсыныстарын жеткізді. Аймақ басшысы облыстық ішкі саясат басқармасына мәселені назарға алып, қолдау көрсетуді тапсырды.

    Ал, Қызылорда қаласының тұрғыны Нұргүл Махан жас мамандардың жұмыспен қамту мәселесін көтерсе, жас кәсіпкер Евгений Демиденко жаңашыл бизнес-жобаны жүзеге асыру үшін қолдау көрсетуді өтінді. Облыс әкімі тиісті сала басшыларына аталмыш мәселелерді назарда ұстау және шешу жолдарын қарастыру жөнінде тапсырма берді.

    қатысты посттар

    Қызылорда облысында егін шаруашылығы жағдайы мен суармалы су жеткізу мәселесі бақылауда

    Фариза

    Қазақстанда кедейлік шегі Нигерия мен Ангола деңгейінде — депутат

    Фариза

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.