-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылына дайындық барысын саралады

    Бүгін Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылына дайындық барысын пысықтау үшін облыстық білім басқармасының басшысы Ақзира Қасымованы қабылдады.

    Облыс әкіміне сала басшысы жаңа оқу жылын қашықтан ұйымдастыру, білім беру ұйымдарының дайындығы мен мектептерде жүріп жатқан жөндеу жұмыстары туралы баяндады.

    Жаңа оқу жылында өңірде 293 мектепте 169 143 оқушы білім алса, 18 423 бала 1-сыныпқа қабылданады деп жоспарлануда.

    Биыл мектептер жан басына қаржыландыруға көшеді. Арал ауданынан 9 мектеп, Қазалы ауданынан 3 мектеп, Байқоңыр қаласынан 5 мектеп, Қызылорда қаласындағы 41 мектеп жаңа механизм бойынша қаржыландыру жүйесіне өтеді.

    Қабылдауда Ақзира Қасымова жаңа оқу жылын қашықтан ұйымдастыруға қажетті шаралардың, оның ішінде балаларға мектеп балансындағы компьютерлерді беру, демеушілер есебінен ұсынылатын ноутбук пен планшеттерді табыстау жұмыстары басталып кеткенін атап өтті.

    Жаңа оқу жылының І тоқсанында 222 мектептегі 116 888 оқушы қашықтан оқитын болып шешілді. Бұл оқушылар BilimLand, Дарын-онлайн интернет платформалары арқылы сабақты бастайды. Ал, 1-4 сыныптағы 41 547 оқушы дәстүрлі білім алмақ. Мұнан бөлек, шалғай орналасқан елді-мекендегі 71 мектептен 10712 оқушы дәстүрлі оқытылады. Бұл ретте білім беру ұйымдарында қатаң санитарлық талаптар сақталады.

    Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова балаларға мектеп тарапынан берілетін электронды құрылғыларды табыстауда республикалық бюджет қаражатына алынатын компьютерлердің сатып алу жұмыстарының арнайы талаптарын ата-аналарға дұрыс түсіндірме жүргізу қажеттігін атап өтті.

    Қабылдау барысында сала басшысы электронды құрылғысы жоқ 9687 оқушыға электронды құрылғылар беру жұмыстары жүргізіліп, 25 тамызға дейін аяқталатынын айтты. Ал, демеушілер есебінен оқушыларға 239 планшет, 15 ноутбук берілген. Сонымен бірге, республикалық бюджеттен бөлінетін қаржыға 22870 компьютер, планшеттерді сатып алу жұмыстары басталатынын баяндады. Мұнан бөлек саладағы үнемделген бюджет есебінен 176,7 млн.теңгеге 2635 планшет алуға жұмыстары жүргізілуде.

    Облыс әкімі оқушылардың оқулықпен қамтылу жағдайын сұрады. Өз кезегінде Ақзира Қасымова 2020 жылы оқулықтар сатып алуға барлығы жергілікті бюджеттен 1,2 млрд.теңге қаралғанын атап өтіп, баспалардан оқулықтардың 89 пайызы алынғанын және 25 тамызға дейін мектептерге толық жеткізілетінін хабарлады.

    Қабылдау соңында аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова басқарма басшысына жаңа оқу жылына дейін мектептердегі жөндеу жұмыстарын сапалы аяқтауды және қашықтан оқыту барысын жүйелі ұйымдастыруды тапсырды.

    қатысты посттар

    Шиелі ауданында тұрғындар көптен күткен көпір құрылысы басталды

    Фариза

    «Айына 5 мың теңге» Жастарға мыңнан аса жалдамалы пәтер берілмек

    Фариза

    Қызылордадағы ірі сауда орталықтарына әлеуметтік сөрелер орналастырылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    10 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.