Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық жалғасуда

    Қызылорда облысында жылу беру маусымына дайындық тұрақты әрі қарқынды түрде жалғасуда. Бұл туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Руслан Нұрмағанбетов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, жылыту кезінде отын қорын жеткізу мәселесі өзекті. Аймақта алдағы жылу беру маусымында 1185 әлеуметтік сала нысандарына 39,5 мың тонна қатты және 26 мың тонна сұйық отын, ал жергілікті тұрғындарға 163,6 мың тонна көмір отыны қажет. Бүгінде тұрғындарға қажетті 25 мың тонна көмір отыны жеткізілген. Қала және аудан тұрғындары үшін көмір бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында көмір өндіретін кәсіпорындармен тікелей келісім-шарт жасау жұмыстары басталған.

    Сала басшысы қазіргі кезде коммуналдық кәсіпорындардың жөндеу жұмыстары 66%-ға, әлеуметтік сала нысандары мен автономды қазандықтардың жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалғанын жеткізді. Сондай-ақ, орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған көп қабатты тұрғын үйлердің дайындығы бүгінде 70% құрайды.

    Айту керек, өңірде жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары да қарқын алды. Мәселен, «Нұрлы жер» және «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламаларымен Қызылорда қаласында 14 шақырым жылу жүйелерін қайта жаңғырту жұмыстары іске асырылды.

    Сонымен қатар, биыл өңірде 1185 әлеуметтік сала нысандарының жөндеу жұмыстары 81%-ға орындалған. Оның ішінде 432 білім беру нысаны, 312 мәдениет саласының нысаны, 247 денсаулық сақтау нысаны, 460 кіші қазандықтардың жөндеу жұмыстары атқарылған. Облыс бойынша 19 әлеуметтік нысанның жылу қазандықтарын газ отынына бейімдеу жұмыстары жоспарланған.

    қатысты посттар

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Фариза

    Елордалық гарнизонда ПТР-зертханасы ашылады

    Фариза

    Сұмдық! Қытай билігі қатаң ескерту жасады

    Пікір қалдыру

    eighteen − 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.