-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-19: Қазалы ауданында провизорлық стационар жабылды

    Бүгін Қызылорда облысының Қазалы ауданаралық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміндегі соңғы науқас емделіп шығып, провизорлық стационар жабылды.

    Аудандағы 100 орынға арналған бұл орталық осыдан 5 ай бұрын ашылды. Індет өршіген кезде ақ халатты абзал жандар күні-түні көз ілмей еңбек етіп, науқастардың өміріне араша болды.

    «Соңғы уақыттың ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. Бүгін мұндағы соңғы науқастарды шығарып, провизорлық стационарды жаптық. Енді бұл жерлерге дезинфекция жұмыстары жүргізіліп, жұқпалы аурулар бөлімі халыққа қалыпты жағдайда қызмет көрсететін болады», – дейді Қазалы ауданаралық ауруханасының бас дәрігері Бақытгүл Әлішева.

    Дәрігерлер провизорлық стационарда ем алып, үйіне асыққан соңғы науқасты құрмет көрсетіп шығарып салды. Емделіп шыққан азаматтар алдыңғы шепте жүрген дәрігерлерге алғысын білдіріп, қолдау шараларын танытқан азаматтарға ризашылығын білдірді.

    Бүгінде Қазалыдағы эпидемиологиялық ахуал тұрақталды. Бұл, әрине, аурудың беті қайтты деген сөз емес. Әлі де болса қауіпсіздік шараларын сақтап, медициналық маска тағуды ұмытпауымыз қажет. Өз кезегінде медицина қызметкерлері де гигиеналық шараларды сақтауға, жұқпалы ауру белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге көрінуге шақырды.

    Айта кетейік, бұған дейін аудандағы Қазалы теміржол ауруханасындағы провизорлық стационар да жабылып, қалыпты жағдайда жұмыс істеуді бастап кетті.

    қатысты посттар

    «Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы төмен,ондай ақшаға жан баға алмайсың»

    Қазалылық еріктілер 8 оттегі концентраторын сатып алды

    Фариза

    Қызылордада карантин талабын бұзған 160 адамға айыппұл салынған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    9 + 20 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.