-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Әскер қатары жас мамандармен толығуда

    Бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде ведомство басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық кеңес өтті.

    Әр аптадағы дәстүрге сәйкес күн тәртібіндегі басты мәселелердің бірі ҚР Қарулы Күштерінің жауынгерлік әзірлігін арттыру болды. Ағымдағы жылдың қыркүйек пен қазан айларына жоспарланған оқу-жаттығуларға байланысты Бас штаб пен бас қолбасшы, сонымен қатар қолбасшылар бірыңғай кешенді стратегиялық міндет шеңберінде іс-шараларды орындауды жалғастыруы қажет.

    Қорғаныс министрі алдағы оқу-жаттығуларға жан-жақты дайындықты ұйымдастырып, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылатын бөлімшелерді үйлестіру кезінде басқаруды арттыруға, басшылық аппараттың әдістемелік дайындығына, оқ-дәрілер мен қару-жарақ, техникалардың жарамдылығын тексеруге ерекше назар аударуды тапсырды.

    «Жауынгерлік даярлықта взводтар мен роталық тактикалық топтарды үйлестірудің сапалы жүргізілуіне назар аударылсын. Жеке құрамның тактикалық оқу — жаттығулар мен атыстарды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауын қамтамасыз етсін», — деп атап өтті Нұрлан Ермекбаев.​​

    Сондай-ақ, 25-28 тамызда командалық-штабтық оқу-жаттығуға байланысты Әскери-теңіз күштерінің Бас қолбасшысы Каспийдегі кеме қатынасы мен теңіздегі экономикалық қызмет нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, теңізде құтқару іс-шараларын жүргізу мәселелерін іс жүзінде пысықтауы қажет.​

    Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін әртүрлі тақырыптар бойынша дәрістер, презентациялар және практикалық сабақтар түрінде ұсынылған оқу модульдерін жетілдіру бойынша жұмыс жалғасуда. Әскери қызметшілердің сауаттылығын арттырудың жаңа нысанын,түрлі жағдайларда әрекет ету қабілетін әскери қызметшілер оң қабылдауда.

    Оқу модульдеріне суреттелген іс-әрекеттер түріндегі ситуациялық кейстер (өмірден алынған мысалдар) қоса беріледі, онда нақты жағдайлардың мысалында себеп-салдар бойынша байланыстар мен әскери қызметшілердің іс-әрекеттерінің дұрыстығын бағалау, олардың қателіктері мен жасалуы сондай-ақ, қорытындылары да қаралады. Аталмыш кейстер әскери қызметшілердің сыни тұрғыдан ойлауын дамытуға және стандартты емес жағдайларда әрекет етуге, төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.

    Бас қолбасшылар мен қолбасшылардың күштері әртүрлі мысалдар негізінде, жағдайларға байланысты шетелдік тәжірибелермен толықтырылады.

    Қазіргі таңда әскери бөлімдерде әскери оқу орындары мен кадет корпусының түлектерімен жиындар жүріп жатыр. Қорғаныс ведомствосының басшысы оларды бейімдеп, тез арада қатарға қосу үшін тиісті жағдай жасауды, барлық үлес түрлерімен қамтамасыз етуді, оларға лауазымға орналасу үшін тәлімгерлерді бекітуді тапсырды.

    Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты әртүрлі санаттағы медициналық мамандарға қажеттілік артты. Әскери-медициналық мамандардың қызметін неғұрлым ұтымды үйлестіру үшін оларды ротациялау жүзеге асырылатын болады.

    Бұдан бөлек, аппараттық кеңес барысында әскери-әуе кемелерінің авиа тұрақ мәселелері талқыланды. Өңірлік қолбасшылықтардың, десанттық-шабуылдау әскерлерінің, әскери-әуе күштерінің және әуе шабуылына қарсы қорғаныстың жедел ақпараты тыңдалды.

    Мерзімді әскери қызметке шақыру шеңберінде жергілікті әскери басқару органдары мен жергілікті атқарушы органдардың функцияларының аражігін ажырату мәселесі де назардан тыс қалмады. Қорғаныс ведомствосы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізуге бастама жасайтын болады.

    қатысты посттар

    Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

    Фариза

    Конфликт с начальником довел жителя Тараза до попытки суицида

    Фариза

    Алматыда жарықтың неліктен өшіп қалғаны белгілі болды

    Пікір қалдыру

    sixteen + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.