-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 1565 кәсіпкер InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы кәсібін бастады

    Қызылордада 1565 кәсіпкер InfoKazakhstan.kz платформасы арқылы кәсібін бастады. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов айтты.

    Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасарының айтуынша, 17 тамыз сағат 13.00-дегі ақпарат бойынша Қызылордадан 2050 кәсіпкер https://infokazakhstan.kz/порталына тіркеліп, 1565 кәсіпкер жұмыс жасауға мүмкіндік беретін актісін алған. Өтініш берген 292 кәсіпкер мониторингтің топтың келуін күтуде екен.

    Ескеріңізге салып өтсек, 14 тамызда ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданып, оған сәйкес бизнестің жұмыс бастау тәртібі белгіленді. Жоғары эпидемиологиялық қатерлерге байланысты кәсіпкерлік қызметке жұмыс істеуді электронды шешімдер жүйесі арқылы рұқсат беру туралы шешім қабылданды.

    «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бас санитарлық дәрігердің қаулысы шыққан күні InfoKazakhstan платформасын іске қосты. Платформа арқылы әр кәсіпкер қызметті жаңартуға өтініш бере алады. Бұл платформа кәсіпкерлерді кабинеттерді аралап, құжат жинаудан босатады.

    «InfoKazakhstan платформасына кірген бойда деректеріңіздің бір бөлігі (кәсіпорын атауы, БСН) автоматты түрде жүктелетіні маңызды, қалған формаларды толтыру небәрі 10-15 минут уақыт алады. Назар аударыңыздар, әзірге платформа сервисін десктоп-нұсқада – компьютер арқылы пайдалануға болады, мобильді нұсқа әзірлену үстінде. Жұмысты бастауға рұқсат алудың тексерумен және тексерусіз екі түрі бар», — дейді Пірмұхаммед Сыздықов.

    ҚР Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес бизнес түрлерінің басым бөлігі, шамамен 90 пайызы тексерусіз, хабарландыру тәртібінде іске қосылады! Кәсіпкерлер мониторингтік топтың келуін күтпей-ақ қызметті бастай алады.

    Мониторингтік топтың тексеруі кәсіпкерлік қызметтің небәрі 5 түріне қолданылады: сауда және ойын-сауық орталықтары, азық-түліктік сауда базарлары, азық-түліктік емес базарлар, балалар сауықтыру лагерлері, бильярд және боулинг залдары.

    қатысты посттар

    «Шизофрения, аутизм, эпилепсия…» Алматыдағы ерекше жандар қызмет ететін дәмхана

    Қылмыс әлемінің серкесі, қазақстанның криминалды авторитеті Айтқали Маймышев ұсталды

    Фариза

    Шиелі ауданында «Жұмыспен қамту Жол картасы» бағдарламасы аясында 21 жоба жүзеге асырылуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    11 − 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.