Понедельник, 8 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал ауданында пробация есебінде тұрған азамат өз кәсібін ашты

    Арал аудандық пробация қызметі есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету жұмыстарын белсенді жүргізуде.

    Аудандық жұмыспен қамту бөлімі, пробация есебіндегі жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 1 айлық «Кәсіпкерлік негіздері» курсын онлайн негізінде жүргізді.

    Жуырда 2019 жылдан бері пробация есебінде тұратын азамат аталған курсты онлайн негізінде оқып, сертификат алды. Ол бұған дейін жиһаз өңдеу жұмысымен айналысып келген.

    «Жеке кәсібімді ашқым келетінін айтып, пробация инспекторларына өтінішімді жеткіздім. Жасап жүрген кәсібімді одан әрі дамытсам деген мақсатым болды. Міне, «Кәсіпкерлік негіздері» курсын онлайн оқып сертификат та алдым. Кәсібін енді бастап жатқан азаматтарға мемлекет тарапынан берілетін 530 мың теңге көлемінде қайтарымсыз несиені күтіп отырмын. Кәсібіме қажетті құрал-саймандарды алсам деген ойым бар. Кәсібімді ашып, ескі жиһаздарды жаңалауға, үй жиһаздарына тапсырыстар қабылдаймын. Біз сияқты аяғын шалыс басқан азаматтарға мемлекеттің беріп отырған осы мүмкіндігін уақыт жоғалтпай тиімді пайдалануымыз қажет», – деді есептегі азамат.

    Сонымен қатар пробация есебіндегі тағы бір азамат мемлекет тарапынан қайтарымсыз несие алып, мал бордақылау цехын ашты. Қазіргі таңда ол да өз кәсібін дөңгелетуде.

    қатысты посттар

    «Қош бол, Сайрагүл!» Қазақстаннан баспана ала алмаған Сайрагүл Сауытбай шетелге кетті

    Қазалыда жаңа тұрғын үйлердің іргетасы қаланды

    Фариза

    «СК-Фармация» 159 млн теңгеге алған дәрілердің мерзімі өтіп кеткен

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.