Бұл жөнінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновазаматтарды жеке мәселелері бойынша онлайн қабылдаукезінде айтты.
Қала басшысының онлайн қабылдауында болған АқпанЖұмаділлә — Ақтас-2 шағын ауданындағы инфрақұрылымжәне интернет мәселесін сөз қылды.
«Ақтас-2 шағын ауданына ауыз су, табиғи газ берілуібойынша аудан әкімдігіне өтініш берілген. Алайда әлі күнгедейін мәселеміз шешілмей келеді және жаңа оқу жылынақарай интернет жайы да шешілсе екен», — деді ол.
Мұрат Әйтенов аталған шағын ауданға ауыз су жүргізуүшін жобалық сметалық құжаттары дайындалып жатқанынжеткізді.
«Табиғи газ желісі құрылысының жобасы әзірленіп, маусым айында жұмыстар басталған. Сараптамақорытындысы шықса, бюджеттен қаржы қаралып, газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізіледі. Ал интернеткекелер болсақ, қалада 43 нүктеге байланыс станциясынорнату жұмыстары жүргізілуде. Соның ішінде Ақтас-2 шағын ауданына да орнатылатын болады» — дейді әкім.
Сондай-ақ, онлайн қабылдауы барысында жер учаскесінзаңсыз басқа азаматтарға берілгенін айтқан ҰлболғанМелдебаеваның мәселесін қала әкімі жеке бақылауынаалды. Мұрат Дүйсенбекұлы тұрғынның арызы бойынша ҚР ауылшаруашылығы министрлігінің жер ресурстарынбақылау комитетіне тиісті тексеру жүргізу үшін хат жолданғанын, тексеру нәтижесі бойынша заңға сәйкесжұмыс жүргізілетінін айтты.
Қала әкімінің азаматтарды онлайн қабылдауы барысындажол құрылысы, тұрғын үй кезегіне қатысты тұрғындардыңарыз-шағымы тыңдалды. Мұрат Әйтенов басқармабасшыларына заң аясында тиісті шара қолданып, азаматтардың сауалына оңтайлы жауап берілуін тапсырды.
Г. ҚАПАЛ