-5.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

    Қызылорда облысы бойынша шектеу шараларды, оның ішінде карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету туралы Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №20 Қаулысы жарық көрді. Бұл туралы Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Әлия Әбдіқайымова мәлімдеді.

    «Меншік нысанына қарамастан барлық жұмыс жасап тұрған және кезең-кезеңімен іске қосылған салалар мен нысандарда күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді және ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қолданыстағы қаулыларымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық, санитариялық-дезинфекциялық ережелер алгоритмдерін басшылыққа алып жұмыс жасалынады», – деді Әлия Мүталіпқызы.

    Айта кетейік, Қызылорда облысында карантиндік шараларды жеңілдетуге арналған қаулы 2020 жылдың 17 тамыз 00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді. Қаулыға сәйкес, бірнеше шектеу және карантиндік шараларға жеңілдіктер енгізілді. Атап айтқанда:

    – сауда-ойын-сауық орталықтары мен сауда нысандары (бутиктер), сауда желілері жұмысына (толтырылуын 30% -дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) сағат 09.00 ден 21.00-ге дейін;

    – сұлулық салондарының, шаштараз, СПА орталықтар және косметологиялық қызме көрсететін орталықтар жұмысына (алдын ала жазылу бойынша, 1 адамға шаққанда 4 ш.м. болу) сағат 09.00 ден 19.00-ге дейін;

    – меншік нысанына қарамастан балалар коррекция, балалар және ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызмет көрсетуіне (5 адамнан аспайтын топтармен, алдын ала жазылумен);

    – меншік нысанына қарамастан балабақшалардың кезекші топтарына (15 баладан асырмай);

    – ашық алаңдағы аттракциондар жұмысына сағат 10.00 ден 22.00-ге дейін;

    – фитнес орталықтарының (бассейінсіз), тренажер залдары (орталықтары), спорттық-сауықтыру орталықтарының (үйірмелер, секциялар т.б.) жұмысына (1 адамға 5 ш.м. дейін болу, толтырылуын 50% -дан асырмай, алдын ала жазылумен) сағат 09.00 ден 20.00-ге дейін;

    – қоғамдық монша, сауна (бассейінсіз, толтырылуын 50% -дан асырмай, 1 адамға 4 ш.м. болу) жұмысына сағат 09.00 ден 22.00-ге дейін;

    – ашық алаңда жеке және топтық жаттығуларға (5 адамнан аспай) сағат 09.00 ден 21.00-ге дейін;

    – әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып Ұлттық құрама, клуб командаларына спорттық жаттығулар өткізуге (30 адамнан асырмай, байланыссыз термометрия, спорттық базаларда тұру);

    – облыс, аудан орталықтарындағы қоғамдық көліктің жұмысына сағат 07.00-ден 22.00-ге дейін шектеумен (пик сағаты уақытта автобустар санының көбейту, кондуктордың болуы, соңғы аялдамада дезинфекциялық тазарту, барлық есіктерді ашу, жолаушылар саны көліктегі орындар санына сәйкес болу керек);

    – қоғамдық орындарға (демалыс саябақтары, саяжолдар, субұрқақтар, жағалаулар және басқа демалыс орындары) 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелеріне әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға сағат 10.00 ден 22.00-ге дейін;

    – жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарларының қызметіне 1 адамға 4 ш.м. дейін болу, толтырылуын 30% -дан асырмай сағат 09.00 ден 18.00-ге дейін;

    – ұжымдық іс-шараларды өткізбей, ашық ауадағы және үй-жайда 30-дан аспайтын отыратын орын орната отырып, қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне сағат 10.00 ден 23.00-ге дейін;

    – халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО жұмысына тек алдын ала Egov.kz, EgovKZBBot 2.0 телеграмм-ботпен брондау арқылы сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін;

    – қызметті барынша онлайн форматта көрсету арқылы «Қазпочта» АҚ-ның жұмысына сағат 9.00 ден 17.00-ге дейін;

    – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты және саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне;

    – халыққа байланыссыз қызмет көрсету (автомобиль жуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б.) объектілердің қызметіне сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;

    – карантин талаптарын сақтай отырып медициналық орталықтардың (жазылу бойынша) қызметіне рұқсат етіледі.

    қатысты посттар

    Ауыл әкіміне үміткерлердің кейбірінің дипломы жалған болып шыққан

    Фариза

    ОБЛЫС ӘКІМІ ГҮЛШАРА ӘБДІҚАЛЫҚОВА ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНДА БОЛДЫ

    Фариза

    Қызылордада тау-кен байыту фабрикасын салу жөнінде меморандумға қол қойылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.