8 C
Алматы
Жексенбі, 28 Сәуір 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада 14 елді мекенге талшықты-оптикалық кабелі апарылады

    Қызылордада 14 елді мекенге интернет желісінің жылдамдығын арттыру үшін талшықты-оптикалық кабелі апарылды. Бұл туралы облыстық цифрлық технологиялар басқармасы басшысының міндетін атқарушы Юлия Тремасова мәлімдеді.

    Оның айтуынша, өңірдегі 70 елді мекеннің 23-не антенна-діңгек құрылыстарын салу жоспарлануда. Оның ішінде, 4 компания «Билайн» және 19-ы «Кселл».

    «Қазіргі таңда, провайдерлік компаниялардың өкілдері интернетті қамтамасыз етуге барынша күш салуда. Сондай-ақ, «Билайн», «Кселл» компанияларымен қолда бар 2G радиорелейкаларын 3G-ге жаңғыртуға және бір оператордың қолданыстағы базалық станцияларын басқа екі компанияға қосу жұмыстары атқарылуда. Осылайша, 2021 жылы 47 ауылдық елді мекенді интернетпен қамтамасыз ету бойынша мәселе шешімін табады», – деді Юлия Тремасова.

    Сонымен қатар, Қызылорда қаласындағы «Билайн» компаниясы «Сабалақ», «Ягодка» және «ПМК-29» саяжайларына антенна орнату үшін құжаттарын дайындауда.

    Сонымен қатар, Ю. Тремасова қаладағы «Бәйтерек» шағын ауданына 2021 жылы 2 станция орнатылатынын айтты. Бұған қоса, сол жағалауға антенна-діңгек құрылысы мен базалық станция орнату үшін жер учаскесін бөлу мәселесі қарастырылуда.

    қатысты посттар

    Төтенше жағдай режимінде Қызылордада жаңадан 7 экспорттаушы қосылды

    Фариза

    Моңғол жазушысы Қабдеш Жұмаділовке ортаңғы саусағын шошайтты

    Фариза

    Рамазан айында тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

    Пікір қалдыру

    eleven + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.