-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалының Ақсуат ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді

    Қызылорда облысындағы Қазалы ауданының Ақсуат ауылында 90 орындық «Балауса» бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілді.

    Жаңа балабақшаның ашылу салтанатына Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев қатысты.

    «Қазіргі таңда Қазалы ауданы – қарқынды құрылыс алаңына айналған. Соңғы 2 жылдың өзінде көптеген нысандар салынып, пайдалануға берілді. Оның ең ірісі ретінде Сырдария өзенінде «Әлсейіт» темір-бетон көпірін, Әйтеке би кентіндегі 6 көп қабатты тұрғын үйлердің құрылысын айтсақ болады. Бұған дейін Ақсуат ауылының өзінен әлеуметтік маңызы бар 2 бірдей нысанның құрылысы басталған болатын. Бүгін міне соның бірі 90 орындық «Балауса» бөбекжай балабақшасы пайдалануға берілуде», – деген Мұрат Нәлхожаұлы балабақша меңгерушісі Шынар Мүберековаға бағалы сыйлықты табыс етті.

    Жаңа ғимараттың ашылу салтанатында ауыл тұрғындары қуаныштарын жасыра алмады.

    «Ақсуат ауылы мемлекет қамқорлығынан шет қалып жатқан жоқ. Мәселен, біздің ауылда өткен жылы абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, орталық саябақ салынған болатын. Міне, бүгін де біз үшін ерекше күн болып тұр. Бұған дейін балабақша салу туралы мәселе көтерген болатынбыз. Көп уақыт өтпей-ақ ауыл ішінен заманауи үлгідегі зәулім ғимарат салынып, бүлдіршіндердің жан-жақты тәрбие алуына мүмкіндік туып отыр. Немерелеріміз енді жаңа балабақшаға барады. Осындай балабақшалар көптеп ашыла берсін. Биыл бізде тағы да қуанышты жаңалығымыз бар. Ауыл орталығынан мемлекеттік бағдарлама аясында 150 орындық клубтың құрылысы жүріп жатыр. Амандық болса ол да жақын күндері аяқталып, елдің игілігіне пайдалануға берілмекші», – Ақсуат ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қуаныш Рзаханов.

    Айта кетейік, бұл балалар мекенінің салынуына бюджеттен 396,8 млн теңге қаржы бөлінді. Екі қабатты сәулетті ғимаратты «Орион LTD» ЖШС сапалы етіп салып шықты.

    Балабақша 90 орынға арналған. Оның ішінде 2 топ 15 баладан, 3 топ 20 баладан орналасады. Оның аумағында негізгі ғимаратпен қатар, 5 топқа арнайы ойын алаңы бар.

    қатысты посттар

    Қызылордалықтар МӘМС қорына 9,8 млрд. теңге аударды

    Фариза

    Жамбыл облысында ауыл имамы құрдасын пышақтап өлтіріп, артынан өзі асылып қалды

    Жалағаш ауданында залалсыздандыру жұмыстарына 2 млн теңге бөлінді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.