-10.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 153 жоба іске асырылады

    Қызылорда облысының жобалық кеңсе жұмысында «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 13,7 млрд теңгені құрайтын 153 жоба іске асырылады. Бұл туралы облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ринат Сұлтангереев мәлімдеді.

    «Қазіргі таңда бағдарлама бойынша 97 жобаның өтінімі мақұлданды. Оның 73-і агроөнеркәсіптік кешен, 6-ы тамақ , 2-і жеңіл, 5-і жиһаз, 2-і құрылыс индустриясы, 8-і қызмет көрсету саласы, 1-і көктемгі дала егісі. Осы жобаларды іске асыру кезінде бетон құбырлары, жемшөп өнімдері, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндірісін құру, жиһаз өнімдерінің ассортименті кеңейтілетін болады», – деді Ринат Қалдыбекұлы.

    Сала басшысы Үкіметтің қаулысына сәйкес бағдарламаға бірқатар түзетулер енгізілгенін айтты. Несиелеу шарттары бизнесті жеңілдету, қол жетімділікті қамтамасыз ету және үлкен қамтуды арттыру бағытында толығымен қайта қаралды. Яғни кәсіпкерлерді несиелеу мөлшерлемесі 8-ден 6 пайызға дейін төмендетілді.

    Бұған қоса, қарыз сомасының 50 пайызына дейін кепілдік беру құралы енгізілді. Несиелендіруге жататын тауарлар мен қызметтердің тізбесі 365-тен 1000 түрге дейін кеңейтілді.

    Сонымен қатар, «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 276 инфрақұрылымдық жоба құрылысы жоспарлануда. Осы инфрақұрылымдық жобалардың құрылысын жүргізуге облыстағы кәсіпорындар тартылуда.

    қатысты посттар

    Танымал жазушы Қабдеш Жұмаділов дүниеден озды

    Фариза

    Қызылордада жылыжай шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    «Жер тегін беріліп жатыр» Түркістан әкімі халықты дүрліктірген ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + 7 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.