Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МЫҢ ДАНА ШАР МЕН МАСКА ТАРАТЫЛДЫ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің  тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты.  Онда «маска тағыңыз», «жақыныңызға жанашыр болыңыз», «үйде қалыңыз», «карантин режимін сақтаңыз» секілді жазбалар бар.

     

    Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

    Г. Капал

    қатысты посттар

    Құрбан айттың бірінші күнінде Шымкент қаласы бойынша 300 мал шалынды

    Фариза

    ҮШ АУЫСЫМДАҒЫ МЕКТЕПТЕР МӘСЕЛЕСІ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ТОЛЫҚ ШЕШІЛЕДІ

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: Қонаев көшесін ұзарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.