4.3 C
Алматы
Суббота, 7 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    ШЫМКЕНТ: МЫҢ ДАНА ШАР МЕН МАСКА ТАРАТЫЛДЫ

    Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің  тапсырмасына сәйкес елімізде орын алып отырған індеттің таралуын болдырмау мақсатында тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

    Атап айтқанда, Әл-Фараби ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен ішкі саясат басқармасы, қалалық жастар орталығы мен аудан әкімі аппаратының мамандары, сондай-ақ еріктілер қала тұрғындарына арнайы жазбасы бар 1000 дана шар мен бетперделер таратты.  Онда «маска тағыңыз», «жақыныңызға жанашыр болыңыз», «үйде қалыңыз», «карантин режимін сақтаңыз» секілді жазбалар бар.

     

    Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның алдын алу тұрғысында қоғамдық көліктер мен қоғамдық орындарға ақпараттық парақшалар жапсырылды.

    Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

    Г. Капал

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Кавасаки ауруы бар балалар тіркелген жоқ

    Фариза

    Қызылорда облысында асыл тұқымды мал саны артып келеді

    Фариза

    Шымкент: Электронды карталар 10-қазаннан бастап саудаға шығарылады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.