-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада емдеу мекемелірінің жоспарлы жұмысы қайта жалғасты

    Елімізде COVID-19 індетімен күресу бағытында бірқатар шаралар қабылданып, оның ішінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуіне сәйкес, жоспарлы емдеу жұмыстары уақытша тоқтатылған болатын.

    Қызылорда облысында ахуалдың тұрақталуына байланысты 3 тамыздан бастап емдеу ұйымдарындағы жоспарлы жұмыстар өз жұмысын бастады.

    Сонымен қатар бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдары, яғни емханалар 3 тамыздан бастап жоспарлы жұмыстарын бастады.

    Яғни бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету деңгейінде уақытша тоқтатылған:

    – скринингтік тексерулер (скринингтік тексерулердің барлық түрі);

    – профилактикалық тексерулер науқастардың профилактикалық мақсатта емханаға келуі (жұмысқа және оқуға баратындардан басқалары);

    – жоспарлы стоматологиялық қызмет (жоспарлы стоматологиялық қызметтердің барлық түрі);

    – оқушылардың денсаулығын қорғау қызметтері (мектеп медицинасы), медициналық оңалту ІІІ сатысы (амбулаторлы жағдайда көрсетілетін реабилитация);

    – салауатты өмір салтын ұстану бойынша шаралар (СӨСҚ кабинеттерінің жұмысы;

    – денсаулық мектептерінің жұмысы және психологиялық көмек көрсету қызметтері өз жұмыстарын жалғастыратын болады.

    «Атқарылып жатқан жұмыстардың барлық көрсеткіштері бойынша оң шешімдер, жақсы жағдайлар жеткілікті. Дегенмен бұл жағдайлар бізді босаңсытпау керек. Әлі де болса сақтық шараларын қатаң сақтау қажет», – дейді қызылордалық мамандар.

    қатысты посттар

    Жыл басынан бері вакцина алғаннан кейін 115 адам қайтыс болған

    Фариза

    Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

    Фариза

    Қызылорда облысында «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы қарқынды жүзеге асуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.