-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    COVID-2019: Қызылордада науқастардың 80 пайызы індеттен айығып шықты

    Бүгінге дейін коронавирус инфекциясымен Қызылорда облысында тіркелген науқас саны – 3199. Оның ішінде,Қызылорда қаласынан – 1920, Арал ауданынан – 114, Қазалы ауданы– 101, Қармақшы ауданы – 137, Жалағаш ауданы – 111, Сырдария ауданы – 180, Шиелі ауданы – 283, Жаңақорған ауданынан – 353 дерек тіркелген.

    Қызылорда облысында өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам анықталды. Оның 3-уі – Қызылорда қаласынан болса, 1 науқас – Шиелі ауданынан тіркелді. Төртеуі де скринингтік тексеруден анықталған.

    Кеше емделіп шыққан науқастар саны – 195. Оның 144-і – Қызылорда қаласынан, Жалағаш ауданынан – 18 және Шиелі ауданынан – 33 науқас жазылып шықты.
    Жалпы емделіп шыққан науқастар саны – 2556. Ол облыс бойынша індетті жеңген науқастардың 80%-ын құрайды.

    Бүгінгі күнге коронавирус инфекциясы анықталған азаматтармен байланыста болғандар саны – 14210, тікелей қарым-қатынаста – 11477, ықтимал қарым-қатынаста – 2733.

    Қазіргі таңда коронавирус инфекциясымен – 47 науқас ем алып жатса, провизорлық стационарда – 192 пациент бақылауда.

    Өткен тәулікте зертханаға тапсырылған сынамалар саны – 689, тексерілгені – 689. Қалдық тест саны – 2833.

    Жалпы өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бері барлығы 73979 сынама алынған.

    қатысты посттар

    «Волонтер жылы» 2020 жылы Қазақстанда қандай өзгерістер болмақ

    Алимент төлемеген такси қызметшісі жүргізу куәлігінен айырылды

    Фариза

    Әйелдерге зорлық-зомбылық көрсету: Тоқаев Ішкі істер министрлігіне тапсырма берді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.