-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысы әкімінің гранты — жастардың сапалы білім алуына жол ашатын үлкен мүмкіндік

    Аймақ басшысының қолдауымен биылғы жылға да бюджеттен 150 облыс әкімінің оқу гранты бөлінді: Оның ішінде: Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетіне – 70, Дәстүрлі өнер институтына – 15, «Болашақ» университетіне – 20, Қазақ Ұлттық аграрлық университетіне – 5, Қарағанды медициналық университетіне – 10, М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетіне – 30 грант.

    Гранттар бойынша бакалавр академиялық дәрежесінде техникалық, ауыл шаруашылығы, педагогика, өнер, әскери іс және қауіпсіздік, қызмет көрсету, ветеринария, медицина салаларының мамандары даярланатын болады.

    Облыс әкімінің грантына кімдер үміткер бола алады:
    1. Балалар үйінің тәрбиеленушілері (Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мекемесінің түлектері);
    2. Мүгедектігі бар балалар;
    3. Жетім балалар;
    4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
    5. Асыраушысынан айырылған отбасылардың балалары;
    6. Ата-анасының екеуі немесе біреуі зейнеткер болып табылатын, тұрмысы төмен отбасыларының балалары;
    7. Ата-анасының екеуі немесе біреуі мүгедек болып табылатын балалар;
    8. Көп балалы отбасылардың балалары;
    9. Аз қамтылған отбасылардан шыққан балалар.

    Ең басты шарт – балалар Ұлттық бірыңғай немесе кешенді тестілеуден кемінде 50 балл жинау қажет. Сондай-ақ, «Ауыл шаруашылығы», «Ветеринарияға» – кем дегенде 60 балл, «Педагогикаға» – кемінде 70 балл, «Медицинаға» – кем дегенде 65 балл болуы керек.
    Аталған санаттар бойынша әлеуметтік көмек тағайындау отбасының өткен тоқсандағы табыстарын ескере отырып жүргізіледі.

    Әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжат қабылдау а.ж. 12-20 тамыз аралығында аудандар мен Қызылорда қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінде жүргізіледі. Тапсыратын құжаттар тізбесін осы бөлімдерден алады.

    Грантты тағайындау туралы шешімді конкурстық негізде жергілікті аудан және қала әкімдіктері жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды.

    Үміткерлердің ҰБТ, кешенді тестілеу нәтижесі, жеке жоғары жетістіктері, әлеуметтік жағдайы, отбасының табыс деңгейі — Іріктеудің негізгі критерийлері болып табылады.

    Қосымша сұрақтар бойынша облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 8(7242) 27-01-11 телефонына хабарласуға болады.

    қатысты посттар

    Желтоқсаншылар неліктен әлі күнге дейін ақталып жүр?

    Фариза

    Шиеліде автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі меморандум жасалды

    Фариза

    МӘМС қызылордалықтарға 4 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.