Бұл жөнінде қалалық құрылыс басқармасы мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 7 айдың қорытындысымен 1 416 пәтерлі 20 кредиттік тұрғын үй пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде, 8– әкімшілік-іскерлік орталығында, 12 – Шымкент сити шағын ауданында орналасқан.
Тамыз айында Шымкент сити шағын ауданында 10,5 мыңшаршы метрді құрайтын 160 пәтерлі 4 үй тапсырылады депжоспарлануда.
Биыл жалпы 612 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануғаберу жоспарланған. Атқарылған жұмыстардың нәтижесіндежеті айда пайдалануға тапсырылған тұрғын үйлердің жалпыауданы 299,86 мың шаршы метрге жетіп, өткен жылдыңсәйкес кезеңімен салыстырғанда құрылыс көлемі 1,6 есегеартты.
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасымен ауданы 1 млн. шаршы метр 262 көпқабатты тұрғын үй салынуда. Оныңішінде, құрылыс басқармасы арқылы бюджет есебінен 92 тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр.
Айта өту қажет, тұрғын үй құрылысы 2 бағытта, яғни кредитттік және арендалық түрде іске асырылып жатыр.
Сонымен, Әкімшілік-іскерлік орталығында, Шымкент сити және Тұран шағын аудандарында 80 кредиттік тұрғын үйдіңқұрылысы жүргізілуде. Биыл 51 кредиттік тұрғын үйтұрғындар игілігіне ұсынылады. Нәтижесінде, 3 284 азаматқол жетімді бағамен баспана сатып алатын болады.
Сондай-ақ, 12 арендалық тұрғын үй салынуда: 8 – әкімшілік-іскерлік орталығында, 4 – Тұран шағынауданында. Осы жылы 448 пәтерлі 8 үй пайдалануғаберіледі.
Басқарма мамандарының сөзінше, бұдан бөлек нарықтан696 пәтер сатып алынады. Нәтижесінде, пәтер кезегіндетұрған 1 144 азамат арендалық пәтерге ие болады. Оныңішінде көпбалалы отбасылар — 450, әлеуметтік осал топтар – 394 және 300 жұмыс жасаушы жастарға беріледі.
Г. ҚАПАЛ