16.2 C
Алматы
Среда, 9 апреля 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Үшарал гарнизоны тексерілді

    Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Үшарал гарнизонына жұмыс сапарымен барды.

    Қорғаныс ведомствосының басшысына жауапты лауазымды тұлғалар қызметтің ағымдағы жай-күйі, әскерлердің күнделікті тыныс-тіршілігі және жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыру, гарнизондардың инфрақұрылымы мен түйткілді мәселелері туралы жеткізді.

    Жұмыс сапары барысында министр зымыранды-артиллериялық қару-жарақ қоймаларын, авиациялық зақымдау құралдарын, казармалар мен сыныптарды тексерді. Гарнизонның әскери бөлімдері автотұрағының, әскери лазареттің, авиациялық комендатураның, санитарлық-эпидемиологиялық орталықтың, Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының инфрақұрылымымен танысты.

    Ведомство басшысына Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында жасалған дронға қарсы қарудың  жұмысы көрсетілді. Әскери инженерлерді дамыту сапа мен баға өлшемі бойынша шетелдік аналогтармен салыстырғанда едәуір артықшылыққа ие болып табылады.

    Сонымен қатар, ҚР ҚК санитарлық-эпидемиологиялық орталығы базасындағы ПТР-зертхананың қызметі тексерілді.

    Министр Армия халықаралық ойындары-2020 аясында өтетін «Танк биатлоны» сайысына қатысушыларымен кездесті. Биыл қазақстандық команда аталмыш сайыста ғана бақ сынайтын болады. Бұл жалпыкомандалық жүлделі орындарға ие болу мүмкіндігіне айтарлықтай әсер етеді. Өйткені бірнеше конкурс нәтижесі бойынша көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Сондай-ақ, бақ сынайтын әрбір команданың жеңіс тұғырынан көріну мүмкіндігі әрқашан жоғары. Еліміз атынан сынға түсетін жауынгерлер жеңістен үмітті екендігін атап өту керек.

    Сіздердің дайындық деңгейлеріңіз Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында лайықты өнер көрсетіп, жүлделі орындарға ие болуға мүмкіндік беретініне сенімдімін. Сіздер өз ауыр машиналарында өнер көрсететін ең мықты командалармен сынға түсулеріңіз керек. Осындай жағдайларға қарамастан, қазақстандық танк мамандары арнайы дайындықтың жоғары деңгейін көрсетіп, жеңіске деген ерік-жігерінің арқасында әрдайым жүлделі орындарға ие болады!

    қатысты посттар

    «Қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару қиындап жатыр» Министр мәлімдеме жасады

    «370 кг болатын 18 500 қорап» Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

    Фариза

    Рамазан айында тіс жұлдырса, ораза бұзыла ма?

    Пікір қалдыру

    four − 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.