Пятница, 13 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау кешенінің құрылысы аяқталды

    Биыл Қызылорда облысында елді мекендердің экологиялық жағдайын және
    суармалы сумен қамтамасыз етілуін жақсарту мақсатында 12 каналға су шаруашылығы
    жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлінді. Бұл туралы Қызылорда облыстық табиғи ресурстар
    және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Бауыржан Шәменов
    мәлімдеді.

    «Өңірде облыстық бюджеттен 8 каналға және «Жұмыспен қамтудың жол картасы
    – 2020» бағдарламасы аясында 4 каналға қаржы қаралды. Бүгінгі күні, 4 каналдың тазалау
    жұмыстары аяқталды, ал қалған 8 каналға жөндеу жұмыстары жүргізілуде», – дейді
    Бауыржан Серікұлы.

    Басқарма басшысы атап өткендей, өңірде полигон құрылысына дайын жобалар
    бар көрінеді.

    «Облыста мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қалдықтарды сұрыптау
    кешені мен полигонның құрылысы аяқталды. Кешенде жылына 60 мың тонна қалдық
    сұрыпталады. Бұған қоса, облыста жыл басынан бері жинақталған 58,5 мың тонна
    қалдықтың 10,5 мың тоннасы өңделді», – дейді Б. Шәменов.

    қатысты посттар

    Электр энергиясын пайдалану қағидалары бойынша «электр энергиясын беруді тоқтату (шектеу) шарттары»

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Билетсіз ұшаққа мінген жолаушы құлап, біреудің ауласына түскен

    Пікір қалдыру

    fourteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.