8 C
Алматы
Жұма, 3 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Тарих

    Шымкент: провизорлық стационарлардағы 80 пайыздан астам төсек-орын босады

    Бұл жөнінде бүгін ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен брифингте Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Тимирхан Варзилов мәлімдеді.

    Оның айтуынша, қаладағы эпидемиялогиялық ахуал күннен-күнге жақсарып, жұқпалы ауруға шалдыққан науқастардың саны азаюда.

    «Шымкент қаласында  COVID-19 инфекциясымен күреске медициналық ұйымдарда 26  провизорлық орындар жұмыс істеді.  Бүгінгі күні провизорлық орындардың 19  пайызы ғана жұмыс жасап, 81 пайыз төсек-орындар босады» – деп хабарлады Т.Вазилов.

    Медициналық мекемелер  тамыздан бастап қалыпты жағдайдағы жұмыстарын бастаған. Яғни, науқастар жоспарлы түрде ем қабылдауына болады.

    Сондай-ақ, 11 тамыздағы жағдай бойынша қалада  коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастар саны – 5114, оның ішіне 2608 симптомды, 2506 симтомсыз. Індетінен айыққандар саны  3865-ке жетті.  

    Айта кету керек, елде  жарияланған карантин өңірдегі эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына оң әсерін тигізді

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК ЖҮЙЕСІНІҢ ЖАҢА КОНЦЕПЦИЯСЫ

    Фариза

    Шымкент: Жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар жазаға тартылады

    Фариза

    Шымкент: «Достастық халықтарының музыкасы» онлайн-фестивалі өтеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three + nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.