-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал жақсарды

    Арал ауданының тұрғындары ауыр жағдайды артта қалдырды. Пандемия
    басталған уақытта ауданда 100 провизорлық, 20 инфекциялық төсек орын
    ұйымдастырылған. Қазіргі таңда провизорлық стационарда 18 науқас ем алып жатса,
    инфекциялық стационарда ем алып жатқан адам жоқ. Бұған дейін провизорлық
    стационарда 225 науқас емделіп шықса, инфекциялық стационарда аудан бойынша 52
    тұрғын науқасынан айыққан.

    Арал аудандық ауруханасында 1 мың 440 қызметкер жұмыс істейді. Емдеу
    мекемесі 9 ИВЛ аппаратымен және 33 оттегі концентраторымен қамтылған. Аурухана
    2017 жылы жаңа типтік ғимаратқа көшкен.

    Ауданға қарасты Сексеуіл кентінде де эпидемиологиялық жағдай тұрақталды.
    Кенттегі 25 төсек орынға арналған Сексеуіл ауылдық ауруханасында 15 емдеу, 10 балалар
    бөлімі бар. Одан бөлек 20 провизорлық орын ашылған. 40 қызметкері бар емдеу орнында
    айына 70 науқасқа дейін жоспарлы және шұғыл ем алып шығады.
    Эпидемиологиялық ахуал басталғалы бері провизорлық стационарда 60 науқас
    емделіп шықты. Ауылдық ауруханада 4 оттегі концентраторы бар.

    Аралдық ақ халаттылар «Бұл жетістікпен босаңсуға болмайды», дейді. Алдағы
    уақытта кесел қайта өршісе аудандағы емдеу мекемелері шұғыл әрекет етуге әрқашан
    дайын болу керектігін естен шығармайды.

    қатысты посттар

    Тоқаев карантинді тағы 2 аптаға ұзартуды тапсырды

    Фариза

    Kasp.kz-тің 5% бонусын 6 күннің ішінде ғана алуға болады

    Фариза

    «Жантүршігерлік өлім» Жас бала өз отбасын балталап өлтірді

    Пікір қалдыру

    3 + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.