Суббота, 17 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қазалыда қызметтік көліктер жедел-жәрдем қызметін атқарып жатыр

    Бүгінде Қазалы ауданының әкімдігіне қарасты 35 қызметтік көлік жергілікті
    медициналық мекемелерге қосымша көлік ретінде көмек көрсетіп жатыр.

    «Қазіргі эпидимеологиялық ахуалды өздеріңіз көріп отырсыздар. Соған
    байланысты осындай қадамға барып отырмыз. Енді дәрігерлер шұғыл шақыртуларға
    жедел бара алады. Осылайша «басы ауырып, балтыры сыздаған» жандарға медициналық
    көмек көрсетеді», – дейді Арықбалық ауылдық округінің әкімі Мәулен Қайруллаев.

    Ауылдық округ әкімдерінің қызметтік көліктері дәрігерлік амбулатория алдында
    жұмыс уақытында тұрса, Қазалы қаласындағы емхана мен Әйтеке би кентіндегі аудандық
    емхана мен «Болат жолы» ауылдық емханасына дербес бөлім басшылары мен Әйтеке би
    кенті мен Қазалы қаласы әкімдерінің көліктері тегін қызмет көрсетеді. Бұл медициналық мекемелерге 3 қызметтік автокөлік кезекшілікке қойылған. Тек дәрігерлерден хабар келсе,
    автокөліктер жедел көмекке жетіп барады.

    қатысты посттар

    «Қар құрсауында қалған қазақстандық альпинистерді құтқару қиындап жатыр» Министр мәлімдеме жасады

    Қызылорда облысында оттегі өндіретін цех ашылады

    Фариза

    «Қазақтардан кешірім сұраймын!». Божко өз сөзіне өкінетінін мәлімдеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.