Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордалық кәсіпкерлер мұқтаж отбасыларға азық-түлік қоржынын үлестірді

    Қызылордалық кәсіпкерлер батыс қазақстандық әріптестерінің жолдаған
    «Жақсылық жаршысы» эстафетасына қолдау көрсетті. Естеріңізде болса, шілде айында
    «Менің Атамекенім» қоғамдық қоры «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен
    республикалық «Жақсылық жаршысы» акциясын бастаған болатын. Аталған акцияны
    бүгінде барлық өңірдегі кәсіпкерлер қолдап жатыр.

    Бүгін қызылордалық кәсіпкерлер ақция аясында 100 отбасына азық-түлік
    қоржынын жасақтап, еріктілер, авто еріктілер оларды мұқтаж отбасыларына таратты.
    «Акцияға қатысты ұсынысымызға өңір кәсіпкерлері қолдау білдірді. Аз ғана
    уақыттың ішінде 1 млн.теңгеден астам қаржы жиналып, 100 отбасыны азық-түлікпен
    қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Қазір карантин. Осыған байланысты
    күндік табыспен ғана отырған кей отбасылар үшін бұл қолдау маңызды деп санаймыз
    және көмек қолын созып отырған аймақтың бизнес өкілдеріне алғысымызды
    білдіреміз», – дейді Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары
    Пірмұхаммед Сыздықов.

    Пірмұхаммед Сыздықов көмекке мұқтаж отбасылардың тізімін арнайы қалалық
    жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алдырғандарын, тізімде
    көпбалалы жанұялар, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған немесе ата-анасының
    бірі мүмкіндігі шектеулі отбасылар, жалғызбасты қарттар, бірнеше баланы жалғыз
    тәрбиелеп отырған аналар бар екенін жеткізді.

    «Жақсылық жаршысы» марафоны аясында қаржылай қолдау көрсеткен
    кәсіпкерлер:
    – «Dalatex» ЖШС директоры Ділмұхамед Абызов;
    – «Ансар М» ЖШС директоры Манат Алмашева;
    – «Нурлен» ЖШС басқарма төрағасы Қайрат Боранбаев;
    – «Абзал және К» ТС директоры Мағжан Ерәлиев;
    – «Мансап» ЖШС тең құрылтайшысы Наталья Мишукова;
    – «Ысамаддин» ШҚ басшысы Жанарбек Нұрымбетов;
    – «Аспан групп» ЖК басшысы Болат Нұрхожаев;
    – «Раим» ЖШС құрылтайшысы Ерлан Раимов.

    Сонымен бірге, «ПромКомерц КА» ЖК басшысы Аида Керімқұлова 1000
    маскамен (әр отбасына 10 маскадан) қамтамасыз етсе, «Данчо» әлеуметтік дүкендер желісі
    азық-түлікті жинауға арналған қоймасын тегін ұсынып, қолдады.

    Аталған эстафетаны Қызылорда облысының кәсіпкерлері ақтөбелік әріптестеріне
    жолдады.

    қатысты посттар

    ҚЫЗЫЛОРДАДА 43482 АДАМҒА ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ БЕРІЛДІ

    Фариза

    «Қазақ радиосы» мен «Астана ЛРТ» бірегей жобаны жүзеге асырды

    Жалағашта залалсыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.