Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 түзеу мекемесінің аумағында «Еңбек-
Қызылорда» РМК филиалының «Наубайханасы» 2009 жылдан бері жұмыс істеп
келеді. Наубайхана нан пісіруге қажетті құралдармен толық қамтамасыз етілген. Аядай
ғана ғимаратта тәулігіне 1500-нан астам бөлке нан пісіріледі. Бұл наубайханада 4 жазасын
өтеуші екі аусыммен жұмыс істейді. Наубайханадан шыққан нан өнімдері Қызылорда
облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты ЗК-169/1, ЗК-169/4, ЗК-169/5
мекемелерін толықтай қамтып отыр. Шығарылып жатқан өнімдер ыстық күйінде
мекемелерге жеткізіледі.
Бүгін, бірнеше жылдан бері нан пісірудің бесаспап шеберіне айналған Әмірбек,
Қанат, Наурызбай, Даулет есімді жазасын өтеушілерден сұхбат алудың сәті түсті.
Бірінші ауысымдағы Наурызбай мен Қанат наубайханада киетін арнайы
киімдеріне киіп жұмыстарын бастап кетті. Олар ұнды өлшеп, қамыр илейтін машинаға
салып қажетті дәмдеуіштерін қосты. Одан соң, қалыптарын дайындай бастады. Қамырдың
ашып, көтерілуін күтіп, дайындаған қалыптарына таразыға қайта өлшенген қамырларды
сала бастады. Қалыпқа салынған қамырдың көтерілуін бір сағаттай күтеді екен. Нан пісіру
технологиясының соңғы кезеңі қалыптағы көтерілген қамырды қызып тұрған пештерге
салып, 40-45 минут шамасында пісіріп алып жатыр.
«Ас атасы – нан» демекші нанды пісіру оңай емес, осы мекемеге келгелі осы
наубайханада жұмыс жасап келемін. Ол нан пісіретін жабдықтардың тілін жатқа
меңгерген. Температурасын белгілеп, нанның піскен, піспегенін бір көзқараспен-ақ ұғады.
Бостандықта жүргенімде ас пісіргенді ұнататын едім, нан пісіретін наубайшы қажет
екендігін естігенімде ойланбастан келістім. Ай сайын 50 мың теңге көлемінде жалақымды
уақытылы алып тұрмын. Мемлекет алдындағы қарызымды өтеп, артылғанын отбасыма да
жіберіп отырмын. «Еңбек-Қызылорда» филиалының өндірістік аймақтағы жауапты шебері
Жангелді Құдайбергенұлы күнделікті жұмыс барысымызды, нанның сапасын,
наубайхананың тазалығын тексеріп тұрады. Жұмысқа деген адалдығымызды байқаған
филиал басшылығы атынан бірнеше мәрте «Алғыс хатпен» марапатталдық», – деп
әңгімесін аяқтады Наурызбай.
Екінші ауысымдағы Даулет пен Қанатта дәл осылар сияқты нан пісіру
технологиясымен нан пісіреді.
«Осы мекемеде 2015 жылдан бері жазамды өтеудемін. Содан бері осы
наубайханада нан пісірушімін. Жұмысым ұнайды өзіме. Екінің бірінің қолынан нан пісіру
келе бермейді. Шыдамдылықты , төзімдікті қажет ететін жұмыс. Арманым да жоқ емес.
Жазамды өтеп, темір тордан бостандыққа шыққын соң, менде наубайхана ашсам деген
ойым бар. Бастысы жұмысым тұрақты, жалақым да жақсы дейді жазасын өтеуші Қанат.