13 C
Алматы
Сәрсенбі, 8 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қармақшыда оттегі баллондарын толтыратын станция іске қосылды

    Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентіндегі аурухана жанынан оттегі
    баллондарын толтыратын станция ашылды.

    «Елімізде дендеген індеттің бүгінгі күні беті қайтқанмен әлі де болса сақтануды
    қажет етеді. Бүгінгі күні ауданымызда науқастың денсаулық деңгейін тексерістен өткізу
    үшін 4 рентген құрылғысы, атап айтқанда аудандық емханада – 2, Төретам кентіндегі
    емханада – 2 аппарат жұмыс істеп тұр. Сонымен бірге ауруханада 5 өкпені жасанды
    желдету аппараты, 24 оттегі концентратор, 100 оттегі кислород баллоны бар. Аталған
    баллондарға оттегін толтыру Қызылорда қаласындағы «LTD Чингиз» және «Квант»
    ЖШС-і арқылы жүргізіліп келген болатын», – аудан әкімі М. Қалдарбеков.

    Қазіргі таңда жеке кәсіпкердің бастамасымен аудандық ауруханада оттегі
    дайындайтын құрылғының көмегімен станцияда күніне 200 баллонға дейін оттегі
    толтырып науқастарға көмектесуге мүмкіншілігі бар.

    қатысты посттар

    Батыс Қазақстан облысында ер адам 13 жастағы баланы зорлап кетті

    Қызылорда: Медициналық ұйымдарға 32,2 млрд теңге төленді

    Фариза

    Құрлық әскерлері Әскери институтын 350 лейтенант бітірді

    Пікір қалдыру

    two × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.