Суббота, 14 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте егіс алқабынан 18 мың тоннға жуық өнім жиналды

    Шымкент қаласында биыл егістік алқабынан 15 650 тонна өнім алынды. Оның ішінде 10 450 тонна дәнді дақыл, 5 200 тонна көкөніс пен бақша өнімдері, картоптың 2100 тоннасы жиналды. Шаруалар майлы дақылдар мен мал азықтық дақылдарын, картоптың қалған бөлігін алдағы уақыттағы жиынға қалдырған, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
    Шымкент қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы мамандарының айтуынша, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс көлемі 27,6 мың гектарға жетіп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1 мың гектарға артқан.
    Дала жұмыстарына тракторлар, тұқым сепкіштер, жер қопсытқыштары, топырақ өңдейтін агрегаттардың тоқсан бес пайызға жуығы жұмылдырылып, егу мерзімдері толығымен сақталды.Сонымен қатар, минералды тыңайтқыштардың құнын субсидиялау бағдарламасына сәйкес 105 млн теңге қаржы бөлініп, бүгінгі таңда 74,5 млн теңгеге 1125 тонна тыңайтқыш субсидияланған. Қалада жалпы ауылшаруашылығы мақсатында 62,6 мың гектар жер көлемі бөлінген. Егістік жер — 39,5 мың гектар болса, суармалы жерлердің көлемі онбір мың гектарды алып жатыр.

    Фариза Жандар

    қатысты посттар

    ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келді

    Фариза

    Шымкентте жыл басынан бері 1807 жұп отбасын құрған

    Фариза

    Қала әкімі Радиациялық медицина және экология ҒЗИ ұжымына жаңа басшыны таныстырды

    Пікір қалдыру

    two × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.