-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорда облысында оқушылардың 83% қашықтан оқиды

    Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа оқу жылына дайындық шараларытақырыбында баспасөз конференциядамәлімдеді.

    Аймақ басшысы өңірдегі білім мәселелеріне қатысты атқарылған жұмыстарға тоқталып, оқу жылын қашықтан өткізу форматының ерекшеліктерін айтып өтті.

    Биыл облыстағы 293 мектепте 168 мыңнан аса оқушы білім алады деп күтілуде. Ал, 1-сыныпқа 18 789 бала қабылданбақ. Өңірдегі оқушылардың  83%-ы, яғни 163 491 оқушы бірінші тоқсанды қашықтан оқуды бастайды. Ал, аудан орталығынан шалғай орналасқан және шағын жинақталған 50 мектепте 4986 оқушыны барлық санитарлық талаптардысақтай отыра штаттық режимде оқиды. Бұлөңірдегі оқушылардың 3 пайызын құрайды.

    Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қашықтан оқыту кезінде мектеп оқушылары мен ұстаздары үшін электрондықұрылғылармен қамтамасыз ету мәселесі шешімін тапқанын тілге тиек етті.  

    — Оқушылардың компьютер, планшет, ноутбук, смартфондармен қамтылуы талданды. Жетіспейтін құралдар, бірінші кезекте мектепбалансындағы техникаларды беру арқылы, екінші  жергілікті жерде демеушілердің қолдауымен  шешілуде. Бүгінгі күні Үкіметтен 22 мыңнан аса компьютерлік техникалардысатып алуға 3,5 млрдеңге қаржы бөлінуде. Ал, жергілікті бюджет есебінен 2 635 планшет алуға 176 млнеңге бөлінуде,-деді облыс әкімі.

    Жаңа оқу жылында оқушылар мен қатар ұстаздарға да электронды құрылғылар табысталады. Аса қажеттілігіне қарай мектепбалансындағы компьютерлерден бөлек, 306 педагогқа ноутбук табысталады.

    Биылғы оқу жылында мектеп құрылыстары да қарқынды жүруде. Облыс әкімі бұл мәселеге де арнайы тоқталды.

    Биылғы жылы облыстағы 55 білім беру нысаны жөндеуден өтуде. Оның 12-ібалабақша,  33-і мектеп, 4-і мектептен тыс мекеме, 5-і колледж.

    Қазіргі таңда өңірде 8 мектептің құрылысы жүргізілуде. Осы жылы Қызылорда қаласынан және Жалағаш ауданынан 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Сондай-ақ, 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Қызылорда қаласынан 600 орындық, Арал ауданы, Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектептер жыл соңында аяқталады деп күтілуде,-деді Г.Әбдіқалықова.

    Қазір 70 мектепке бейнекамералардыорнатылуда. Әлбетте, бұл бірден шешілетінмәселе емес, әрі көп қаражатты қажет етеді. Сондықтан кезең-кезеңімен шешетін боламыз,-деді облыс әкімі.

    Жиын соңында облыс әкімі қазіргі пандемия жағдайында балалардың қауіпсіздігі үшін ата-аналарды үй жағдайында сақтық шараларынамән беруге шақырды.

    қатысты посттар

    Бекболат Тілеуханов Түркияда қазақтардың басын қосып, ауызашар берді

    Фариза

    Қызылорда қаласында жол жөндеу жұмыстары жалғасуда

    Фариза

    «Суицидке итермелейді» Ғалымдар күнделікті қолданатын сусынның өлімге әкелетінін айтты

    Пікір қалдыру

    eight + 10 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.