-4.1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкентте шалғайдағы аудандарға табиғи газ тартылуда

    Бүгінде Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновшаһарды газдандыру мәселесін жіті бақылауға алған. Осыған орай, қаланың шалғай аудандарын көгілдір отынменқамтамасыз ету жұмысы қарқын алды.

     

    Атап айтқанда, Абай ауданы Алтынтөбе тұрғын алабындағы208 үй келер жылы көгілдір отынға қосылады. Қазіргі таңда«Жылу Энерго Ремонт» компаниясы құрылыс жұмыстарынжүргізіп жатыр.

     

    Ал, Көкбұлақ тұрғын алабына газ жүйесін тарту жұмыстарыбойынша жобалық сметалық құжаты дайындалып бітті.

     

    Сонымен қатар, Абай ауданындағы шалғай орналасқан он бір мыңнан аса тұрғын үйге газ жүйесін жүргізу бойыншаұсыныс берілді.

     

    Оның ішінде, Ақтас шағын ауданы (495 үй), Тәуелсіздікке20 жыл тұрғын алабы (716 үй), Айкөл тұрғын алабы (66 үй), Ақтас-2 тұрғын алабы (115 үй), Арғымақ шағын ауданы(2000 үй), Ынтымақ-2 шағын ауданы (2000 үй), Солтүстіксаяжай шағын ауданы (4875 үй), Құрсай шағын ауданы (783 үй).

    Айта кету керек, қаладағы шағын аудандар мен тұрғыналаптарды тұрақты түрде сапалы табиғи газбен қамтамасызету мақсатында, магистралды газ тарату жүйесі бойынша 200 000м3/сағ. кұрайтын жаңа үшінші автоматтандырылғангаз тарату станциясының (АГРС-3) құрылыс жұмыстарынжүргізуге  республикалық бюджеттен 2,4 млрд теңгеқарастырылған.

    Г. ҚАПАЛ

     

    қатысты посттар

    Жамбылдық полицейлерге жаңа көлік берілді

    Шымкент ауыл шаруашылығы өнімінің өсімі бойынша республикада бірінші орында

    Фариза

    Шымкент: Маусымда 14184 адам тексеруден өткізілмек

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.