Суббота, 27 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылордада күндізгі стационар бөлімі жұмысын бастады

    Қызылорда қаласындағы №3 қалалық емханада күндізгі стационар бөлімі 5-ші
    тамыздан бастап жұмысын бастады. 45 төсекке арналған стационар жоспарлы
    профилактикалық сауықтыру және көрсеткіштер бойынша жедел қызмет көрсетеді.

    Мұнда терапия, хирургия, гинекология, педиатрия бағыттары бойынша
    медициналық ем жасалады. Бөлімше мамандары жүрек қан тамырлары, артериалды
    гипертензия және неврологиялық аурулар сондай-ақ қант диабеті, эндокринология,
    жүктілік патологиясы бойынша да науқастарды қабылдайды.

    Бұл жерде науқастар сонымен қатар хирургиялық отадан кейінгі ауырсынуды
    басу және инфекцияның алдын-алу үшін ем алады. Стационарда терапевт, гинеколог,
    хирург мамандар және балалар мен ересектерге арналған мейірбикелер жұмыс істейді.

    Пандемия кезінде стационар жұмысы тоқтаған жоқ. Науқастарға үй
    жағдайындағы стационар қызмет көрсетті. 20 күн ішінде 50-ге жуық тұрғынға тиісті ем
    шаралары жасалынды.

    қатысты посттар

    Эпидахуал жөніндегі кеңес: Тоқаев «қыңыр» антиваксерлер туралы не деді?

    Фариза

    «Құпия пациент»: Қызылордада медицина қызметкерлері біліктілігін арттыруда

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың жол картасы»: Екі ауданда 1240 тұрғын жұмыспен қамтамасыз етіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + eighteen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.