3 C
Алматы
Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Қызылорданың «Сыр жиһазы» өнімі ішкі нарықты дамытуда

    Ішкі нарықты отандық өнімдермен толықтыруда Сыр елінде қарапайым заттар
    экономикасы бағдарламасы іске асуда. Өнеркәсіпті дамытуға үлес қосып жатқан
    кәсіпкерлерді қолдауда өңірде 151 жоба іске асырылды. Соның бірі – «Сыр жиһазы»
    кәсіпорны.

    Өнеркәсіп өнімдері бұған дейін Ресейге экспортталып келген.
    Өндіріс орны экономикалық сұранысқа сай өнім өндіріп, ішкі нарықты қамтамасыз етуде.
    Ағаш ұсталары, жиһаз құрастырушы, ағаш жонушы, дизайнер мамандарынан құралған
    кәсіпорында бүгінгі күні 35 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

    Кәсіпорында 3 цех жұмыс істейді. Жиһаз шығару, ағаш өндеу, металопластикалық
    өнімдер шығарады. Заманауи құрылғылар негізінде өнім өндіретін кәсіпорынға аймақтық
    деңгейге сұраныс жоғары.

    Тұрмыстық қолданыстағы жиһаз цехында әрбір материал сұраныс иесінің
    талабына сай дайындалады. Кепкен ағаштан даярланатын өнімдердің мол қоры
    даярланады. Ал, пластикалық өнімдері мектеп пен балабақша үшін арнайы жасалады.
    «Сыр жиһазы» өнім өндіретін шикізатты шетелден емес, аймақтардан алады.
    Кәсіпорынның жылдық табысы 65 миллион теңгеге жеткен. Карантиндік
    шектеулерге қарамастан жиһаз цехы өнім көлемін төмендетпеу бағытында шараларды
    қолға алған.

    қатысты посттар

    Қызылордада суармалы жерлер қалпына келтірілуде

    Фариза

    Қызылордада әскери-техникалық мектептің түлектері ант қабылдады

    Фариза

    Айтыскер ақын Ханша Раисова өмірден өтті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + eight =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.