-4.1 C
Алматы
Понедельник, 29 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент қаласында өткен тәулікте 181 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

     

    Дертінен сауығып шыққан науқастардың басым бөлігіамбулаториялық бақылауда болған.

    Ауруханада жатып ем қабылдаған науқастардың бірі -74 жастағы қала тұрғыны жиырма күннен аса дәрігерлердіңбақылауында болған.

    Дәрігерлер әжейге коронавирус инфекциясынан бөлек «екіжақты пневмония» диагнозын қойған.

    Инфекция жұқтырған 74 жастағы Шымкент тұрғыны вирусқа қарсы емдеу мен симптоматикалық терапияныңтолық курсын алды. Ем-дом кезінде асқынулар болған жоқ дейді мамандар.    Емдеу терапиясынан кейін науқастананализ сынамалары алынып, теріс нәтиже көрсеткенненкейін 3 тамыз күні ауруханадан шығарылды.

    Айта кетейік, бүгінге дейін қаладағы жұқпалы ауруларауруханасынан коронавирус инфекциясына шалдыққан 3314 науқас дертінен айығып шықты.

     

    Г.  ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Шымкент қаласына пневмония мен COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткізілді

    Фариза

    Қызылорда облысы тұрғындарына қажетті көмірдің 86 пайызы жеткізілді

    Фариза

    Өскемен қаласында «Jastar Time» жетінші IT-фестивалі өтті

    Пікір қалдыру

    three × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.