Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Айыппұл орнына бетперде: Қызылордалық полиция қызметкерлері бетперде таратты

    Әлемде өршіп тұрған пандемиямен күресте барлық күштердің көмегі қажет. Бұл
    майданда дәрігерлермен қатар, полицейлердің де атқарып келе жатқан рөлі зор. Себебі,
    індетпен күресу барлығымыздан қатаң тәртіпті сақтауды талап етеді. Ал, сол тәртіпті
    қадағалау полицейлердің еншісінде.

    Жасыратыны жоқ, елімізде қатаң шаралар қабылдаудың арқасында, пандемия
    қарқыны бәсеңдеді. Бұл майданға ел билігі барлық күштерді жұмылдырды. Солардың бірі
    – полиция қызметкерлері. Олар ел басына күн туғанда олар да қарап қалмай, бірлесе
    атсалысуда.

    Солардың қатарында қызылордалық тәртіп сақшылары да бар. Олар карантин
    талаптарын бұзушылармен күресіп қана қоймай, игілікті істер атқарып,
    сырбойылықтардың алғысына бөленіп келеді.

    Мәселен, қызылордалық полиция қызметкерлері карантин режимін бұзған,
    қоғамдық орындарда маскасыз жүрген халыққа 83,340 тг (30 АЕК) айыппұл салмай,
    керісінше маска үлестіруді қолға алды. Облыстық полиция басқармасы қала әкімдігімен
    бірлесіп «Dalatex» серіктестігінің қолдауымен тұрғындарға 3000 маска таратты.
    Бірлесе ұйымдастырылған акцияда қалалық жастар орталығының волонтерлары
    қатардан табылды.

    Міне, сырбойылық тәртіп сақшыларының бұл игі ісі халық тарапынан қызу
    қолдау тауып, құрметке бөленуде. Олардың бұл ісі баршаға үлгі болары сөзсіз.

    қатысты посттар

    Елжан Біртановтың адвокаттары Президенттен көмек сұрады

    Фариза

    Қорғаныс министрі сарбаздардың өлімі туралы: Бұған армия ғана кінәлі емес

    Фариза

    Қызылорда облысында өрт қауіпсіздігі бойынша 115382 тұрғынға кеңес берілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    nineteen − 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.