-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қаратау ауданындағы 5 шағын ауданға газ тартылуда

    Қаратау ауданында газ құбырларын тарту жұмыстары қарқын алып келеді. Тұрғын үйлерге табиғи
    газ берілгенге дейінгі барлық жүйелердің дайын болуы үшін құрылыс жұмыстары қыза түскен.
    Нақтырақ айтар болсақ, наурыз айында Тұран шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету
    бойынша магистралды жүйенің құрылысы бастау алған болатын. Бүгінде «StroyGazCompany»
    компаниясы жұмыстың 1-кезеңін қараша айында аяқтауды жоспарлап отыр. Сондай-ақ,
    Қайнарбұлақ тұрғын алабында да магистралды газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.
    Достық және Асар шағын аудан тұрғындарының да көгілдір отынға қосылар кезі алыс емес.

    Достықта 46,06 км құрайтын, ал Асар шағын ауданында 50,4 км болатын ішкі орамдық жүйелердің
    құрылысы жүргізіліп жатыр. «Газовое хозяйство Шымкент газ» ЖШС, «Отау Строй» ЖШС
    компаниялары құрылысты толығымен келесі жылы аяқтайтынын айтуда.

    Сонымен қатар, Азат шағын ауданында табиғи газ жүйелерінің құрылысын жүргізу үшін 2020
    жылға жергілікті бюджеттен 30,7 млн тг қаржы қаралып отыр. «Ынтымақ бес арыс» компаниясы
    құрылыс жұмыстарын мамыр айында бастаған болатын. Жалпы құны 236,3 млн теңгені құрайтын
    жоба құрылысы кесте бойынша келер жылы аяқталуы тиіс.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Қызылорда: Елді мекендерінің 80%-ы жыл соңына дейін интернет желісімен қамтылады

    Фариза

    Жамбылда 27 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: АПАТТЫ ЖАҒДАЙДАҒЫ 5 КӨПІР ЖӨНДЕЛІП ЖАТЫР

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 + 19 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.