11 C
Алматы
Вторник, 5 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Бүгінгі таңда Қаратау ауданында 47 мыңнан астам тұрғын үй бар. Оның 80,8 пайызы мемлекеттік
    қуат көзіне қосылған. Ал, қалған 19,2 пайызы жекеменшік трансформатордан қуат алады екен.
    Қазірде Қаратаудағы бірнеше шағын ауданда электр желілерін тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Нақтырақ айтар болсақ, Достық шағын ауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы
    бюджеттен 400 млн тг қарастырылып, жұмысы басталған болатын. Биыл тағы 240,6 млн тг бөлініп,
    электр бағаналары орнатылып жатыр. Жалпы жоба құны 848,1 млн теңгені құрайды. Мердігер
    «КазАльфаСтрой» компаниясы электр желісін келер жылдың қараша айында құрып бітіруі тиіс.
    Нәтижесінде, 47 км желі және 13 дана КТП орнатылатын болады.

    Мұнан өзге, Тұран шағын ауданында электр жарығы құрылысына биылдың өзінде 256,3 млн тг
    қарастырылып,;АБМ Билдинг; ЖШС-ы тарапынан жұмыстары басталды. Жалпы құны 2 млрдтан асатын жоба 2021 жылы қараша айында қолданысқа беріледі.

    Ал, Асар-2 шағын ауданындағы электр желілерінің құрылысына 2019 жылы бюджеттен 700 млн тг
    қарастырылған. Биыл болса, 474,8 млн тг бөлініп, құрылыс жұмыстары атқарылып жатыр. Құны 1
    млрдтан асатын қуат желісін «Ремстрой Алматы» компаниясы осы күзде салып бітуі қажет.
    Мұнан бөлек, Қаратау ауданындағы Тассай, Азат, Қайтпас шағын аудандарында да электр
    бағаналарын орнату жұмыстары жүріп жатқанын айта кеткен жөн.

    Г. ҚАПАЛ

    қатысты посттар

    Есілге Жамбылдың 540 мың шабағы жөнелтілді

    Фариза

    Қызылорда: Сырдариялық дихандар гектарына 63 центнерден өнім алды

    Фариза

    ҚАУЛЫҒА ӨЗГЕРІСТЕР ЕНГІЗІЛДІ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten + 15 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.